
«Әуежай-Атырау» кеден бекетінде «Ашық есік күні» өтті
Атырау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің «Әуежай-Атырау» кеден бекеті кеше, яғни 25 мамырда Департаменттің кеден блогының, оның ішінде «Әуежай-Атырау» кеден бекеті қызметімен таныстыру мақсатында қамқорлықтағы «Шаңырақ» жанұялық типтегі балалар үйінің тәрбиеленушілерімен «ашық есік күнін» өткізді.
Бұл шараға «Шаңырақ» жанұялық типтегі балалар үйінің директорының орынбасары Г.С. Ералина мен тәрбиеші ана Б.М.Минешкалиева бастап әкелген 11-16 жас шамасындағы 13 жеткіншек қатысты.
Қонақтарды қызметкерлерімен бірге қарсы алған «Әуежай-Атырау» кеден бекетінің басшысы А.Б.Абсиметов жеткіншектерді жалпы Атырау облысы бойынша Мемлекетік кірістер департаментінің, оның ішінде «Әуежай-Атырау» кеден бекетінің жұмысымен, қызметінің негізгі бағыттарымен таныстырып шықты. Кеден бекетінің жетекші маманы Ж.А.Есенаманов балаларды кедендік бақылаудың техникалық құралдарын қолданумен кедендік тексеріп қарау қалай жүргізілетінін көрсетті. Осы бағытта кеден бекетінің бас маманы Т.И.Сардаров балаларға «Рапискан» рентген-телевизиялық сканер-құралғысымен жүктер мен қол жүктердің тексерілуін үлгі ретінде нақтылай жүзеге асырды. «Әуежай-Атырау» кеден бекетінің «Ашық есік күніне» қызығушылық танытқан Шекара қызметінің қызметкерлері, «АТМА – Атырау әуежайы және тасымалы» АҚ, Атырау қаласының Халықаралық әуежайының қауіпсіздік қызметкерлері және «Қазавиақұтқару» АҚ қызметкерлері де өз жұмыстарын қысқаша түсіндіріп, шараның сапалы өтуіне ат салысты. Одан әрі бекет мамандары балаларды ұшып келу және ұшып кету залдарына апарды.
Қ.Т.Салиев, Ш.Ш.Абдуаитова, Б.Т.Салықов, Т.К.Калесов сияқты кеден бекетінің қызметкерлері қонақтарды автобусқа мінгізіп, ұшу алаңындағы ұшақта, тікұшақта, одан әрі санавиация ұшақтарында кедендік шекарадан өтуді үлгі ретінде тәжірибе жүзінде жүргізді. Балаларға ұшақ ұшып келген кезде бекет қызметкерлерінің атқаратын жұмысы көрсетілді.
Одан кейін кезекші ауысым қызметкерлері Л.М.Сарсенова мен А.Х.Садирова балаларға кеден бекетінің ғимаратын, жұмыс кабинеттерін көрсетті.
Кеден бекетінің ғимаратынан шыққан соң балаларға «DHL» компаниясының Атыраудағы филиалының өкілі Амандыков Данияр аталған компанияның қоймасымен, жұмысымен таныстырды.
Соңында балаларға тәттілер мен сыйлықтар үлестірілді. «Шаңырақ» жанұялық типтегі балалар үйінің директорының орынбасары Г.С.Ералина мен тәрбиеші ана Б.М.Минешкалиева Арман Болатұлы Абсиметовтың жетекшілігімен өткен мемлекеттік кірістер органдарының қызметімен кездесуін және «Әуежай-Атырау» кеден бекетінің жұмысымен, қызметкерлерімен танысуын жоғары бағалады.