
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті (бұдан әрі – Комитет), 2020 жылғы 8 сәуірдегі № 4328/06 «Экономиканы тұрақтандыру жөніндегі одан арғы шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2020 жылғы 16 наурыздағы № 287 Жарлығын iске асыру бойынша салық саясатының мәселелері жөнiндегi шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылдың 27 наурыздағы № 141 қаулысымен (бұдан әрі – Қаулы) қарастырылған барлық салықтар мен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша төлеу мерзімін ұзарту берілу туралы хатынызды қарастырып, Қаулы барлық импортқа, оның ішінде үшінші елдерден импортқа, таралатының хабарлаймыз.
Бұдан басқа, «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» 2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 120-VI Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі – Салық кодексі) 1-бабы 1-тармағының 10) тармақшасына сәйкес бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер – Салық кодексінде белгіленген мөлшерлерде және жағдайларда жүргізілетін кедендік төлемдерді қоспағанда, бюджетке төлемақылар, алымдар, баждар түріндегі міндетті ақша аударымдары.
Сонымен қатар, қазіргі уақытта Комитет «АСТАНА-1» АЖ-де Қаулысқа сәйкес үшінші елдерден тауарлар импорты кезінде ҚҚС төлеу бойынша мерзімін ұзарту тетігін іске асыруда.