
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті, төтенше жағдай кезеңінде әлеуметтік төлемдерге салық салу бойынша туындаған мәселелерге байланысты келесіні хабарлайды.
Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2020 жылғы 26 наурыздағы № 110 (Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2020 жылғы 29 наурыздағы № 114 бұйрығымен енгізілген өзгерістерді ескере отырып) бұйрығымен бекітілген, Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушыларға және жеке тұлғаларға, алатын кірістері жұмыстарды орындау (қызметтер көрсету) бойынша азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар болып табылатын, олар үшін салық агенттері төтенше жағдайды кезеңінде міндетті зейнетақы жарналарын төленген, әлеуметтік төлемді төлеу жүзеге асыру туралы Ережесіне сәйкес міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушыларға және жеке тұлғаларға, алатын кірістер бойынша жұмыстарды орындау (қызметтер көрсету) бойынша азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар болып табылатын, олар үшін салық агенттері төтенше жағдайды кезеңінде міндетті зейнетақы жарналарын төленген, әлеуметтік төлем Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан жүзеге асырылады.
«Қазақстан Республикасының «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Кодексін қолданысқа енгізу туралы» 2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 121-VI ҚРЗ Заңының 33-бабында баяндалған редакциясында қолданылатын Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы №120-VI «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Кодексінің (Салық кодексі, 341-бабы 1-тармағының 26) тармақшасына сәйкес, жеке тұлғаның салық салынуға жататын табыстарынан Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының әлеуметтік төлемдері алынып тасталады.
Осылайша, жоғарыда көрсетілген төлемдер Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан асырылатынын еске отырып,осындай төлемдержеке тұлғаның кiрiсiнен алынып тасталады және жеке табыс салығымен салынбайды.