Date of publication: 01.11.2019 12:44
Date of changing: 01.11.2019 12:53

 

Тауарлардың шығарылған жерін растау және
Тауарлардың шығарылған жері туралы құжаттар

Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелінетін тауарлардың шығарылған жерін айқындау Одақ туралы шартқа сәйкес көзделген тауарлардың шығарылған жерін айқындау мақсатында және қағидалары бойынша жүзеге асырылады.
Кедендік-тарифтік реттеу шараларын, тыйымсалулар мен шектеулерді, ішкі нарықты қорғаушараларын қолдану тауарлардың шығарылған жеріне байланысты болатын барлық жағдайларда тауарлардың шығарылған жері расталады.
Тауарлардың шығарылған жерін растау, егер Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелінетін тауарлар кедендік транзит кедендік рәсімімен орналастырылатын болса талап етілмейді.
Егер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге тыйым салынған тауарлар өзінің аумағына осындай тауарларды әкелуге тыйым салынбаған Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекетке Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағы арқылы тасымалдау үшін кедендік транзит кедендік рәсімімен орналастырылса, тауарлардың шығарылған жерін растау талап етілмейді.
Тауардың шығарылған жері туралы декларация немесе тауардың шығарылған жері туралы сертификаттауардың шығарылған жері туралы құжаттар болып табылады. Тауардың шығарылған жері әкелінетін тауарлардың шығарылған жерін айқындау қағидаларына немесе әкетілетін тауарлардың шығарылған жерін айқындау қағидаларына сәйкес тауардың шығарылған жері туралы декларациямен немесе тауардың шығарылған жері туралы сертификатпен расталады.
Тауарға қатысы бар және тауар шығарылған елдің немесе тауар әкетілетін елдің дайындаушысы, сатушысы немесе жөнелтушісі мәлімдеген тауардың шығарылған жері туралы мәліметтер қамтылған коммерциялық немесе кез келген басқа құжаттауарлардың шығарылған жері туралы декларация болып табылады.
Тауардың шығарылған жері туралы сертификат тауардың шығарылған жері туралы куәландыратын және тауар шығарылған уәкілетті мемлекеттік органы немесе уәкілетті ұйымы немесе әкелінетін тауарлардың шығарылған жерін айқындау қағидаларында немесе әкетілетін тауарлардың шығарылған жерін айқындау қағидаларында белгіленген жағдайларда – тауар әкетілетін елдің уәкілетті мемлекеттік органы немесе уәкілетті ұйымы берген, белгілі бір нысандағы құжат болып табылады.
Тауардың шығарылған жері туралы сертификатқа, оның ішінде оны ресімдеу және толтыру тәртібіне қойылатын талаптар әкелінетін тауарлардың шығарылған жерін айқындау қағидаларында немесе әкетілетін тауарлардың шығарылған жерін айқындау қағидаларында белгіленеді.
Егер тауардың шығарылған жері туралы сертификатта тауардың шығарылған жері туралы мәліметтер әкелінетін тауарлардың шығарылған жерін айқындау қағидаларында немесе әкетілетін тауарлардың шығарылған жерін айқындау қағидаларында қолданылуы белгіленген өлшемшарттардан өзгеше өлшемшарттарға негізделсе, тауардың шығарылған жері туралы мұндай сертификат тауардың шығарылған жері туралы құжат ретінде қарастырылмайды.
Тауардың шығарылған жері туралы сертификат берген Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің уәкілетті мемлекеттік органдары оның көшірмесін және өздерінің негізінде тауардың шығарылған жері айқындалған өзге құжаттарды тауардың шығарылған жері туралы сертификат берілген күннен бастап кемінде үш жыл сақтауға міндетті.
Егер тауардың шығарылған жері туралы сертификат әкелінетін тауарлардың шығарылған жерін айқындау қағидаларында немесе әкетілетін тауарлардың шығарылған жерін айқындау қағидаларында белгіленген оны ресімдеу және толтыру тәртібіне қойылатын талаптар бұзыла отырып ресімделсе, тауардың шығарылған жері туралы сертификат тауардың шығарылған жері туралы құжат ретінде қарастырылмайды.

«Теңіз» кеденбекеті
8 712 30 23721