Date of publication: 01.11.2019 11:24
Date of changing: 01.11.2019 11:29

 

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес – мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі»

Бүгінгі күні сыбайлас жемқорлықпен күресуге Қазақстанда жалпы мемлекеттік мәртебе беріліп, оның жүргізілуіне сыбайлас жемқорлыққа қарсы кең ауқымды компаниялар бірлесіп, қоғамдық және саяси күштермен сыбайлас жемқорлық көріністерінің жолын кесу, шектеу жүргізілуде. Қазақстанда сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес - айқындалған мемлекеттік саясаттың негізгі басымдықтарының бірі ретінде саналады.
Қазақстан Республикасының "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы" Заңына сәйкес сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті жүзеге асырушы органдар деп барлық мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдар өз құзыреті шегінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жүргізуге міндетті делінген. Кез-келген мемлекет құқықтық жүйесінің негізгі прициптеріне, сәйкес, адалдықты және параға сатылмаушылықты, ашықтық пен жауапкершілікті бейнелейтін сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің тиімді саясатын жүргізеді.
Өз жұмысына жауапкершілікпен қарау, заң шеңберінде және адал жұмыс атқару – мемлекеттік қызметкерлердің басты қызметтік қағидаларының бірі. Сол себепті әрбір мемлекеттік қызметкер жұмыс жасау барысында сыбайлас жемқорлыққа әкеліп соқтыратын іс-әрекеттерден аулақ болуы шарт.
Мемлекеттік кірістер саласындағы құқық бұзушылық және сыбайлас жемқорлықпен күресу мемлекеттік кірістер органдары қызметкерлерінің, жалпы мемлекеттік қызметкерлер мен қоғамның басты жұмыс бағыттарының бірі және осы мақсатта сыртқы экономикалық қызметке қатысушы тұлғалармен бірлесіп, сыбайлас жемқорлықты болдырмау және оның алдын алу шаралары бойынша «Теңіз» кеден бекеті де жүйелі түрде қызмет атқаруда.Осы орайда сыбайлас жемқорлықпен күрес мәселелері бойынша сыртқы экономикалық қызметке қатысушы тұлғалар үшін семинарлар, кездесулер, «дөңгелек үстел» жиындарын өткізу, БАҚ-та материалдар жариялау арқылы түсіндірме жұмыстары дәстүрлі түрде жүргізіледі.

«Теңіз» кеден бекеті
8 712 30 23721