Date of publication: 22.02.2016 10:49
Date of changing: 22.02.2016 10:52

Кездесу өтті

 

Үстіміздегі жылдың 18 ақпанында Атырау облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінде салық төлеушілерменен және сыртқы экономикалық қызметке қатынасушыларменен кездесу өтті. Кездесуде салық және кеден заңнамаларын жетілдіру мәселелері қаралды.

Кездесуге Атырау облысы Ұлттық Кәсіпкерлер Палатасының Өкілдері де қатынасты.

Департамент басшысының орынбасарының міндетін уақытша атқарушы Г.Даулетова қазіргі мезгілде мемлекеттік кірістер комитетінде жаңа Салық және Кеден біріккен Кодексі жобасы жасақталуда екенін айтып өтті.

Кодекстің әзірлеудің мақсаты салықтық және кедендік рәсімдерді біріздендіру, оларды жетілдіру және салық төлеушілер мен Сыртқы экономикалық қызметтің қатысушылары үшін оңайлату болып табылады.

Түсіндіру жұмыс басқармасының басшысы Б.Юсупов бұл үшін Комитеттің сайтында арнайы форум құрылғанын, ол арқылы жұмыс тобы Кодекс жобасын әзірлеу бойынша ұсыныстарды, тілектерді, ескертулерді қарастырады, талдайды және талқылайтынын атап өтті.

Одан әрі, Г.Даулетова салық есептілігін жүргізу Ережесі, корпоративтік табыс салығы және арнайы экономикалық аймақтарда салық салу тәртібін ортаға салды.

Камералдық бақылау басқармасының басшысы Ж.Юсупова бірлесіп қызмет атқаратын кәсіпкерлік, сенімді басқару, жеке табыс салығы және әлеуметтік салықтар бойынша ойын айтты.

Кездесуге қатысушылар үлкен қызығушылық білдіріп, өз ойларын ортаға салды және де ұсыныстарын жолдайтындарын айтты.

Кездесу соңында Мемлекеттік кірістер комитетінің порталындағы сайттар көрсетілген анықтамалар үлестірілді.

 

Тұсіндіру жұмыс басқармасы