
СЭҚ қатысушыларының назарына!
Атырау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер Департаменті барлық мүдделі тұлғаларға хабардар етеді, «Қазақстан Республикасында кедендік реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 489-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына сәйкес кеден ісі саласында қызметін жүзеге асыратын заңды тұлғаның міндеттерді орындауын қамтамасыз ету кеден өкілі ретінде қызметті жүзеге асыруға үміткер заңды тұлғаны кеден өкілінің тізіліміне енгізудің шарты болып табылады.
Бұл ретте Кодекстің 488-бабы 1-тармағына сәйкес кеден өкілдері тізілімін уәкілетті орган жүргізеді.
Сонымен қатар, Кодекстің 486-бабы 3-тармағында кеден ісі саласында қызметін жүзеге асыратын заңды тұлғаның міндеттерді орындауын қамтамасыз етуді кеден ісі саласында қызметін жүзеге асыруға үміткер заңды тұлға кеден ісі саласында қызметін жүзеге асыратын тұлғалардың тізіліміне енгізу туралы өтініш берілген, кеден ісі саласында қызметін жүзеге асыратын тұлғалардыңтиісті тізілімін жүргізуге уәкілетті кеден органына не осы Кодекске сәйкес айқындалатын өзге кеден органына береді.
Жоғарыда жазылғандардың негізінде кеден өкілдерінің тізімдемесіне енгізу үшін, кеден ісі саласында қызметін жүзеге асыратын заңды тұлғаның міндеттерін орындауын қамтамасыз етуді тіркеуді Комитет жүргізеді.
Бұдан басқа, Кодекстің 535-бабы 3-тармағына сәйкесуәкілетті экономикалық оператор міндеттерінің орындалуын қамтамасыз ету уәкілетті экономикалық операторлардың тізіліміне енгізілуге үміткер заңды тұлға не осындай тізілімге енгізілген заңды тұлға уәкілетті экономикалық оператор міндеттерінің орындалуын қамтамасыз ету мөлшерін төмендету немесе қамтамасыз етудің бір тәсілін басқасына ауыстыру үшін уәкілетті органғаберіледі.
Тарифтік реттеу және посткедендік бақылау басқармасының
Тарифтік реттеу бөлімі
31-60-90