Date of publication: 14.12.2018 09:52
Date of changing: 14.12.2018 11:47

 

«Экономикалық тергеу қызметінің жеке құрамына «Сыйлықсыз сыйласу» тақырыбында жиынөткізілді»

         2018 жылдың11желтоқсан күні Атырау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде Экономикалық тергеу қызметінің (бұдан әрі - ЭТҚ)жекеқұрамыныңқатысуымен«Сыйлықсыз сыйласу» акциясын қолдау бағытында жиынөткізілді.

 Жиынбарысында, Департаменттің Экономикалық тергеу қызметінің Профилактикалық жұмыс және бақылау басқармасының басшысы Қ.С.Жардемов Экономикалық тергеу қызметінің жекеқұрамына Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Атырау облысы бойынша департаментінен келіп түскен «Сыйлықсыз сыйласу» тақырыбындағы өткізілетін акция туралы ақпаратпентаныстырды.

        

Яғни, акцияның мақсаты – мемлекеттік қызметшілер арасында мемлекеттік қызметке кір келтіретін теріс қылықтарды болдырмаудыңалдын алу, өздерінің қызмет бабында өздеріне тәуелді мемлекеттік қызметшілерден және өзге адамдардан жалпы қамқорлығы немесе қызмет бабында сыйлықтарды қабылдаудан бас тарту, мемлекеттік қызметшілердің жемқорлыққа қарсы мәдениетін қалыптастыру, құқықтық санасын арттыру.

         Өткізілгеншарада,Қ.С.Жардемов ЭТҚ-нің жеке құрамына «Сыйлықсыз сыйласу» акциясының жаднамасымен таныстырып, қоғамда болып жатқан проблемаларды талқыланып, қойылған сұрақтарға толықтай жауаптар беріліп, пікір алмасылды.

         Қорытындылай келе, Департаменттің ЭТҚ Профилактикалық жұмыс және бақылау басқармасының басшысы ЭТҚ-нің  жеке құрамына қызмет барысында қандай да бір жемқорлық деректеріне жол бермеу мақсатында уәкілетті органдармен өткізіліп отырған «Сыйлықсыз сыйласу» акциясына белсендіқатысуға шақырды.

 

Атырау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Экономикалық тергеу қызметінің

Профилактикалық жұмыс және бақылау басқармасы