
«Бас есепші өзіне сеніп тапсырылған бөтен мүлікті аса ірі мөлшерде ұрлағаны үшін сотталды»
Атырау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Экономикалық тергеу қызметінің қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында «Г» азамат шакелесі жағдайларда қылмыс жасағаны анықталды.
Анықталған, «Г» азаматша РМК Атырау филиалының бас бухгалтері болып жұмыс істеп, өзінің қызметтік жағдайын пайдалана отырып 2012 жылдың 26 желтоқсанынан бастап 2018 жылдың 27 ақпан аралығында аса ірі көлемде сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемденіп, ысырап еткен.
Анықталғандай, «Г» азаматша «РМК» Атырау филиалының бас есепші бола отырып, өзінің қызметтік жағдайын және басшылықтың сенімін пайдалана отырып, «Интернет-Банкинг» арнайы бағдарламасы бойынша қашықтықтан басқару арқылы«Қазақстан халқы банкі» АҚ-дағыфилиалдың мекеменің қаржысының есепшотынан өзінің карточкалық шотына еркін аударып отырған.
Сарапшының қорытындысына сәйкес берешектің жалпы соммасы 18 923 912,48 теңгені құрайды.
Атырау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Экономикалық тергеу қызметімен анықталған деректер бойынша «Г» азаматшаға ҚР ҚК 189-бабы 4-бөлігі 2-тармағымен (Сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемденіп алу немесе талан-таражға салу)қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп, қылмыстық іс сотқа жолданды.
Атырау қаласы №2 қалалық сотының 2018 жылғы 7 қарашадағы үкімімен азаматша «Г» ҚР ҚК-нің 189-бабының 4-бөлігінің 2-тармағында көзделген қылмыстық құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, 3 (үш) жыл мерзімге материалдық жауапкершілікке байланысты лауазымдарды атқару құқығынан айырып, 7 (жеті) жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.
Егер Сізде сеніп тапсырылған бөтен мүлікті беру немесе ысырап ету туралы ақпарат болса, Атырау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Экономикалық тергеу қызметіне 8 (7122) 35-42-10, 31-60-59 телефоны бойынша хабарлауыңызды сұраймыз.
Атырау облысы бойынша МКД ЭТҚ ПЖжББ