
СЭҚ ҚАТЫСУШЫЛАРЫНЫҢ НАЗАРЫНА!
«Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 105-бабына және«Кедендік баждарды, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарды төлеу жөніндегі міндеттерді орындауды қамтамасыз етудің, сондай-ақ кеден ісі саласында қызметін жүзеге асыратын заңды тұлғаның және (немесе) уәкілетті экономикалық оператордың міндеттерінің орындалуын қамтамасыз етудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 26 ақпандағы №294Бұйрығының 2-қосымшасына сәйкес «Кедендік баждардың, салықтардың төленуін қамтамасыз етуді тіркеу» мемлекеттік қызметін Атырау қаласы Абай көшесі 8 мекенжайы бойынша орналасқан (телефон 8 (7122) 31-60-90) Атырау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментіне сәйкесінше арызбен жүгіну арқылы алуға болатынын хабарлаймыз.
Тарифтік реттеу және посткедендік бақылау басқармасының
Тарифтік реттеу бөлімі
31-60-90