
«Аса ірі мөлшерде ақша қаражатын жымқырғаны үшін сотталды»
Атырау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Экономикалық тергеу қызметімен ''көлеңкелі экономика''саласындағы қылмыстарды және бюджеттік қаражаттардың мақсатсыз жұмсалуын анықтау және жолын кесу бағытында профилактикалық жұмыстар жүргізілуде.
2017 жылғы 13 шілдеде азамат «Ж» «Ж.Ш.» шаруа қожалығының атынан «Казагромаркетинг» АҚ-ның Атырау облысындағы өкілдігіне жайылымдарды суландыру инфрақұрылымдарын құру және мал өсіруші шаруашылықтарды сумен қамтамасыз ету бағдарламасы бойынша қаржылық көмек алуға өтінім тапсырған.
Атап айтқанда, азамат «Ж» мал шаруашылығы қызметімен айналысу мақсатында мемлекеттік органдарда «Ж.Ш.» шаруа қожалығын тіркеген. Шаруа қожалығының қажеттілігіне байланысты «Ж.Ш.» шаруа қожалығы басшысы «Ж» өтінішінде жалпы соммасы 6 500 000 теңгеге «К.Д.Р.» жеке кәсіпкерлігі тарапынан шахта құдығы қазылғандығы туралы ақпарат көрсетілген.
Алайда, Экономикалық тергеу қызметімен жүргізілген жедел іздестіру шаралары барысында азамат «Ж» субсидиялауға жатқызылған құдықты өз күшімен қазғандығын және де аталған құдықты қазуға «К.Д.Р.» жеке кәсіпкерлігінің қатысы болмағандығы, бюджеттен 6 500 000 теңге ақша қаражаттын иелену мақсатында жалған мәлімет бергендігі анықталған.
Аталған дерек бойынша азамат «Ж» қатысты Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 190 – бабы 4 – бөлігінің 2-тармағы«Алаяқтық»бойынша қылмыстық іс қозғалып тіркеліп, айыптау қорытындысымен сотқа жолданды.
2018 жылғы 12 қыркүйектегі Құрманғазы ауданының сотының үкімімен азамат «Ж» Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 190 – бабының 4 – бөлігінің 2 – тармағымен кінәлі деп танылып, мүлкін тәркілеусіз, белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойы айыруысыз, 5 жылға бас бостандығынан айырылып, Қылмыстық кодексінің 63 – бабының негізінде жазасы шартты түрде есептеліп, жаза мерзімінің бәрінде пробациялық бақылау белгілінген.
Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, Сізден, көлеңкелі экономика қылмыстарын, бюджеттік қаражаттарды мақсатсыз жұмсалуы бойынша ақпарат болған жағдайда, Атырау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер Департаменті Экономикалық тергеу қызметіне 8 (7122) 35-42-10, 31-60-59 телефон нөмірлері арқылы хабарлауыңыз сұралады.
Атырау облысы бойынша МКД ЭТҚ ПЖжББ