Date of publication: 17.10.2018 13:23
Date of changing: 17.10.2018 13:28

 

 

Өзбекстан азаматшасының алкоголь өнімін заңсыз тасымалдағаны анықталды

Атырау қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының қызметкерлері тақырыптық тексеріс барысында Атырау қаласындағы «Дина» базарында Өзбекстан Республикасының 33 жастағы азаматшасы алкоголь өнімін заңсыз тасымалдағаны анықталды.

Тексеру барысында көлемі 0,5 литрлік бөтелкедегі 118 дана алкоголь өнімін есепке алу-бақылау таңбаларсыз, сол сияқты белгіленбеген үлгідегі және сәйкестендіруге келмейтін таңбаларменбөлшек саудада өткізуге Өзбекстан Республикасынан теміржол пойызы арқылытасымалдап жүргендігі мәлім болды.

Мемлекеттік кірістер басқармасының қызметкерлері аталған дерек бойынша ҚР ӘҚБтК 283 бабының 2 тармағымен әкімшілік хаттама толтырды.

Аталған істің материалдары Атырау қалалық мамандандырылған әкімшілік сотына шешім шығару үшін жолданды.