Date of publication: 11.10.2018 19:34
Date of changing: 11.10.2018 19:35

 

Атырау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Экономикалық тергеу қызметінің 2018 жылдың 9 айы бойынша атқарылған жұмыстарын қорытындылады

            08.10.2018 жылы Атырау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Экономикалық тергеу қызметімен (бұдан әрі - ЭТҚ) 2018 жылдың 9 айлығында атқарылған жұмыстар бойынша жедел мәжіліс өткізілді.

            Жедел мәжіліске ЭТҚ-нің басқарма, бөлім басшылары және жеке құрамы қатысты.

            Статистикалық мәліметтерге сәйкес, а.ж. 9 айында ЭТҚ-нің өндірісінде 142 іс, оның 109 Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің біріңғай тізіліміне (СДТБТ) тіркеліп, өндірістен 100-іс аяқталып, оның ішінде 75 іс сотқа жолданды. Аяқталған істер бойынша белгіленген залал 775 227 121 теңгені құрайды, оның ішінде тыйым салынған мүлік құны 22 014 606 теңге және  528 884 852 теңге мемлекет пайдасына өндірілді.

            Атап айтқанда, есепті кезеңде бюджетке төленетін салық және де басқа төлемдерден жалтару дерегімен 11 іс сотқа жіберіліп, 4 іс ақталмаған негізінде, 2 іс ақталған негізде қысқартылды, мұнай және мұнайөнімдерінің заңсыз айналымы бойынша 8 іс сотқа жолданып, 1 іс аяқталған негізде қысқартылды, іс жүзінде жұмыстар орындалмай, қызметтер көрсетілмей, тауарларды тиеп-жөнелтілмей шот фактура жазу бойынша әрекеттер жасау дерегі бойынша 13 іс сотқа жолданды, экономикалық контрабанда дерегімен 1 іс жолданды, квазимемлекеттік сектор және мемлекеттік бағдарламалар бойынша бюджет қаражатын жымқыру және талан-таражға салу дерегімен 27 сотқа жіберіліп, келтірілген залал бойынша толық өндірілуіне байланысты 6 іс ақталмаған негізінде қысқартылды. 

            Жиналыс барысында Департамент басшысының орынбасары Д.Е.Акылбеков, 05.10.2018 жылғы Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұы НазарбаевтыңҚазақстан халқына арнаған «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыстық сапасын арттыру» атты Жолдауына сәйкес шағын және орта бизнес қызметіне кедергі келтірмей, көлеңкелі экономикамен күресті жалғастыру талабын қойды.

            Мәжілісті қорытындылай келе, Департамент басшысының орынбасары Д.Е.Ақылбеков аймақтың экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында мемлекетімізге қауіп төндіретін қылмыстарды, құқықбұзушылықтарды  оның ішінде Ұйымдасқан қылмыстық топпен жасалатын қылмыстарды анықтап ашу, олардың жолын кесу және құқықбұзушылықтар туралы ақпараттарды Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің біріңғай тіркеу барысында заңбұзушылықтарға жол бермеу және Қазақстан Республикасының Қылмыстық процесуалдық кодексінің талаптарын қатаң сақтауды талап етті.

Атырау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Экономикалық тергеу қызметі