Date of publication: 28.09.2018 13:27
Date of changing: 28.09.2018 13:29

 

«Атырау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде «Ашық есік күні» іс-шарасы өткізілді»

 

Атырау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Экономикалық тергеу қызметінің ұйымдастыруымен Атырау облысының «Атамекен» ҰКП  қызметкерлері, кәсіпкерлік субъектілерінің уәкілдері және Каспий өңірінің қазіргі заманғы жоғары колледжінің студенттерінің қатысуымен «Ашық есік күні»іс-шарасы өткізілді.

Аталған іс-шараны Атырау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары Д.Е.Ақылбеков ашты. Іс-шара барысында Экономикалық тергеу қызметінің профилактикалық жұмыс және бақылау басқармасының басшысы Қ.С.Жардемов қатысушыларға Экономикалық тергеу қызметінің негізгі бағыттарын, сондай-ақ электрондық қылмыстық іс жүргізу процесінің жұмысы туралы түсіндірді. Іс-шара барысында осы бағыттар бойынша бейнежазбалар көрсетілді.

Бұдан басқа, Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі және Қылмыстық процестік кодексіне 2018 жылғы енгізілген өзгерістер мен ізгілендіру шараларына тоқталды.  

Сонымен қатар, шараға қатысушылар жеке пікірлерін айтып,  Экономикалық тергеу қызметіне қатысты сұрақтар қойып, пікір алмасылып және қазіргі таңда орын алып отырған көлеңкелі экономика саласында қылмыстармен күресудегі іс-шаралары бойынша түсіндірме берілді.

«Ашық есік күні» іс-шарасын аяқтай келе, Экономикалық тергеу қызметінің  Профилактикалық жұмыс және бақылау басқармасының басшысы Қ.С.Жардемов өз тарапынан шараға қатысушыларға алғысын айтып, әр уақытта Департаменттің өзара қарым-қатынасқа дайын екендігін жеткізді.

 

Атырау облысы бойынша МКД ЭТҚ ПЖжББ