
Демократиялық күштердің Атырау облыстық коалиция
мүшелерімен кездесу
Атырау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшылары азамамттық қоғам мүшелерінің «100 нақты қадам» Ұлттық жоспарды жүзеге асыру міндеттерін талқылау мақсатында «Қазақстан-2050» демократиялық күштердің Атырау облыстық коалиция отырысына қатысты.
Кездесу мақсаты - 100 нақты қадам бағдарламасын халық арасында насихаттап, түсіндіру, бұл бағыттағы жұмысты өрісті жүргізу.
Атырау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы Такиев Мәди Төкешұлы мемлекеттік кірістер органдарына қойылған мақсаттар мен тапсырмалардың орындалысы бойынша баяндады.
Содан кейін Департамент басшысының орынбасары Маржангүл Тілекқабылқызы Күнтуарова, Атырау қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы басшысының орынбасары Айгүл Сералықызы Рзағулова Елбасы ұсынған 100 нақты қадам бағдарламасының «Индустрияландыру және экономикалық өсім» тарауы бойынша салық және кеден жүйелерін оңтайландыру және жетілдіруге бағытталған міндеттер туралы айтып, өздері басшылық ететін салық және кеден блоктары бойынша ақпарат берді.
Түсіндіру жұмыс басқармасы дайындаған