
Баспасөз конференциясы өткізілді
Атырау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшылары «Қазақстан орталық коммуникациялар қызметінің» Атырау филиалында 2015 жылдың 9 айы бойы атқарылған жұмыс корытындылары бойынша баспасөз конференциясын өткізді.
Атырау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы Такиев Мәди Төкешұлы Департаменттің қаңтар-қыркүйек айларындағы жасалған жұмыстың негізгі бағыттары бойынша баяндады.
Содан кейін Департамент басшысының орынбасарлары Жәнібек Мәулетбекұлы Нұржанов пен Маржангүл Тілекқабылқызы Күнтуарова өздері басшылық ететін салық және кеден блоктары бойынша ақпарат берді.
Сонымен қатар сөз алған Ішкі қауіпсізідік басқармасының басшысы Заңғар Кеңесханұлы Заңқанов журналистерге сыбайлас жемқорлық фактілерін болдырмау бойынша атқарылған жұмыстар, қызметкерлер арасында анықталған құқықбұзушылықтар, қолданылған шаралар туралы баяндады.
Конференция барысында журналистер жаппай декларациялау, мүлікті жария ету, Еуразиялық экономикалық одағында тауарлардың импорты кезінде қосылған құн салығын есептеу, Экономикалық тексеру қызметінің жұмысы туралы сұрақтар қойды. Барлық сұрақтарға толық жан-жақты жауаптар берілді.
Түсіндіру жұмыс басқармасы дайындаған