Date of publication: 19.10.2015 10:47
Date of changing: 19.10.2015 10:53

                                                                                                                         Интеллектуалды ойынның жеңімпаздарын құттықтаймыз!

 

Атырау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті қызметкерлерінің  командасы  Атырау облысы Ішкі саясат басқармасының ұйымдастыруымен өткізілген мемлекеттік қызметшілер арасында «Брейн-ринг» интеллектуалды ойынының жеңімпазы болды. 

Әр мемлекеттік органнан  5 қызметкерден тұратын команда құрылып, жалпы сайысқа әртүрлі  мемлекеттік органдардың 6 қомандасы  қатысты.

Мемлекеттік кірістер департаментінің командасы құрамында ойнаған Алшын Сариев, Нұржан Сәкенов, Ұлан Жексенбаев, Нұргүл Өтеулиева және Айбек Саспанов қиын да  қызықты да жарыста жеңіп шығып, 1 орынға ие болды.

Сонымен қатар, команда құрамында ойнаған Н.Өтеулиева«Брейн-ринг» интеллектуалды ойынының «Үздік ойыншысы» атағын иеленді.

Ойынның негізгі мақсаты: мемлекеттік қызметкерлердің өлке тарихына қызығушылықтарын, білімдерін арттыру, патриоттық сезімге тәрбиелеу, олардың интеллектуалдық біліктілігін жетілдіру және билік құрылымдары арасындағы байланысты нығайту, мемлекеттік қызметтің оң имиджін көтеру.