
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
Мемлекет Басшысы Тәуелсіздіктің бірінші күнінен бастап әрқашан бәрімізде бір ғана қамқорлық – ол қазақ халқының өркендеуі және бір мақсат - ол Отанымыздың гүлденуі екендігін айтып келеді. Бүгінгі күні, еліміздің бірлігі мен тұрақтылығы арқасында мемлекеттің экономикасы өркендеп келеді, сәйкесінше халықтың жағдайы да жақсарып келеді.
Елбасының Қазақстан халқына жолдауларында сыбайлас жемқорлықпен күрестің негізгі бағыттарын айқындады. Сол мезгілден бастап мемлекеттік органдардың бақылау қызметтері қысқартылып, экономика мен бизнесте мемлкеттің қатысуы азайды.
Мемлкеттік кірістер органы және олардың лауазымды тұлғалары өз құзырында заңға сәйкес сыбайлас жемқорлықпен күресуі тиіс. Біздің жұмысымыздың басымдылығы мемлкеттік қызметшілердің сыбайлас жемқорлыққа қатысты нөлдік төзімділік талаптарын, сонымен қатар этикалық мінез-құлық стандарттарын қатаң орындау болып табыслады.
Атырау қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасымен (әрі қарай – Басқарма) 17 мемлекеттік қызмет түрі көрсетіледі, олардың ішінде 12 қызмет түрін электронды түрде алуға болады. Осылайша, қызметтің 70,5% аса түрін салық төлеушілер электронды түрде, Басқармаға келмей, өз үйлерінен немесе кеңселерінен, сонымен қатар, «электрондық үкімет» веб-порталы немесе «Азаматтар үшін Үкімет» Мемлекеттік корпорациясы арқылы ала алады.
Осылайша, «Салық есептілігін қабылдау», «Салық есептілігін тоқтата тұру (ұзарту, қалпына келтіру)», «Жеке кәсіпкерлерді тіркеу», «Қосылған құн салығы төлеушілерін тіркеу» сияқты ең көп сұранысқа ие қызмет түрлері электрондық форматқа аударылды.
Сонымен қатар, Атырау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің сайтында бизнеске көмек үшін 16 электрондық қызмет орналастырылған, соның ішінде үйден шықпай http://atr.kgd.gov.kz/ru/app/culs-taxarrear-search-web сілтемесіне өту арқылы салық берешегінің бар/жоқтығы туралы ақпарат алуға болады.
Салық төлеушілерге екінші деңгейлі банктермен бірге салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеу бойынша салық міндеттемесін уақытылы орындау үшін қолайлы жағдайлар жасау мақсатында банк шотының бар болған жағдайда - банкоматтар мен басқа электрондық құрылғылар арқылы бюджетке төлемдерді жүзеге асырылады. Банкоматтар мен басқа электронды құрылғылар арқылы салық төлеудің ең маңызды артықшылығы – кез келген уақытта және кез келген елді мекенде банктерге келмей, кезектерде тұрмай бюджетке төлемдерді төлеуге қабілетті.
Жоғарыда аталған барлық шаралар мемлекеттік кірістер басқармасы қызметкерлері мен салық төлеушілер арасындағы байланысты азайтуға алып келеді, теріс пайдалану және сыбайлас жемқорлық қаупін азайтады.
Атырау қаласы бойынша МКБ