Date of publication: 13.09.2018 19:35
Date of changing: 13.09.2018 19:37

 

   Жыл сайын тоғызыншы айдың үшінші жексенбісінде Қазақстан Республикасында Қазақстан халқы тілдерінің күні атап өтіледі. Кеше, мерекелеу қарсаңында, Атырау облысының Тілдерді дамыту басқармасы Құрманғазы атындағы МҮ мемлекеттікқызметшілердің арасында облыстық «Мемлекеттік тіл – мемлекеттік қызметте» конкурсын ұйымдастырды. Сайыс бірнеше кезеңмен өтті: сәлемдесу, театрланған қойылым, үй тапсырмасы және ағылшын, орыс тілдерінен білімі. "Ел қазынасы" атты Атырау облысы бойынша МКД командасы осы күрделі күресте лайықты 2 орынды жеңіп алды.Жігіттерді осы жеңіспен құттықтаймыз, жарайсыңдар бәрекелді! Конкурс мерекелік концертпен және алғыс хаттар, грамоталар және жүлделер тапсырумен аяқталды.