
ЖЕКЕЛЕГЕН ҚЫЗМЕТ ТҮРЛЕРІМЕН АЙНАЛЫСУҒА ЛИЦЕНЗИЯЛАРДЫ ПАЙДАЛАНҒАНЫ ҮШІН ТӨЛЕМАҚЫ
105434 ББС-НА ТӨЛЕНЕДІ
Алкоголь өнімдерін көтерме және/немесе бөлшек саудада жүзеге асыратын тұлғалар, жыл сайын жекелеген қызмет түрлерімен айналысуға берілген лицензияларды пайдаланғаны үшін төлемақы сомаларын өзінің тұрған жері бойынша ағымдағы жылғы 25 наурыздан, 25 маусымнан, 25 қыркүйектен және 25 желтоқсаннан кешіктірмей тең үлестермен жыл сайын төлейді.
Жекелеген қызмет түрлерімен айналысуға берілген лицензияларды пайдаланғаны үшін төлемақы сомасы 105434 ББС-на төленеді.
Егер есепті салықтық кезеңде лицензияны пайдалану кезеңі бір жылдан аз болса, төлемақы сомасы бір жылға есептелген төлемақы сомасын он екіге бөлу және бір жылда лицензия пайдаланылған (толық немесе толық емес) айлардың тиісті санына көбейту жолымен айқындалады.
Бұл ретте лицензия алу кезінде төлемақы төлеу жөніндегі міндеттеме лицензия алған жылдан кейінгі күнтізбелік жылдан бастап туындайды.
Лицензиялық төлемақы әр қызмет нысанына төленіп, көтерме сатушыларға 200 АЕК-ті (481 000 теңге) құрайды, ал бөлшек сатушыларға әкімшілік-аумақтық бірлігіне байланысты сараланады:
- Облыстық маңызы бар қалаларда – 100 АЕК (240 500 теңге);
- Ауылдық жерлерде – 20 АЕК (48 100 теңге).
Толық ақпаратты Атырау қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының Акциздерді әкімшілендіру бөлімінен (27-кабинет) немесе 30-35-32 телефоны арқылы білуге болады.