Date of publication: 04.09.2018 18:28
Date of changing: 10.09.2018 09:31

 

 «Экономикалық тергеу қызметінің басым бағытының бірі заңсыз ойын бизнесімен күресу»

 

         Атырау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің  Экономикалық тергеу  қызметінің басым бағыттарының бірі заңсыз ойын бизнеске қатысты қылмыстарды алдын-алу және олардың жолын кесу болып табылады.

Ағымдағы жылы Атырау облысының  Мемлекеттік кірістер департаменті Экономикалық тергеу қызметінің қызметкерлерімен жедел-іздестіру шараларын жүргізу барысында, «Ж» есімді ҚР азаматшасы Атырау қаласы Сарықамыс ықшам ауданы №6 көшесінің №7 ғимаратының ішінен, букмекерлік ойын мекемесін заңсыз ашып, ұстап, ойын бизнесі саласындағы қызметті заңсыз ұйымдастырып, ойын бизнесі саласындағы қызметті лицензиясыз жүзеге асырғаны анықталды.

Атап айтқанда, «Ж» есімді азаматша 2017 жылдың қазан айынан бастап жеке кәсіпкер ретінде салық органдарына тіркелмей, ойын бизнесі саласындағы қызметті лицензиясыз жүзеге асыру мақсатында, қандайда бір рұқсат қағаздарын алмай, заңсыз ойын букмекерлік қызметімен айналасты.        Аталған факт ҚР ҚК-нің 307 бабының 1 бөлімі «Заңсыз ойын бизнесiн ұйымдастыру» бойынша сотқа дейінгі тергеудің біріңғай тізіміне тіркелді.

2018 жылғы 27 маусымның Атырау қаласының №2 сотының үкімімен «Ж» есімді азаматшасы ҚР ҚК-нің 307 бабының 1 бөлігінде көзделген қылмыстық әрекет жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған 1(бір) жыл 2(екі) ай мерзімге бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды.

Сондай ақ, ағымдағы жылы Атырау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Экономикалық тергеу қызметімен жедел-іздестіру іс-шаралар жүргізу кезінде Қазақстан Республикасының аумағында 11 заңсыз "онлайн-казино"  сайттары анықталды.

Соның ішінде:

  1. Academypoker.ru
  2. Forum.gipsyteam.ru
  3. Mobile.pokerstarter.live
  4. Pokerstarssochievent.com
  5. Pokerstars.ru
  6. Poker.pokerstarst.com
  7. Webgorizont.com
  8. Hd-ghgh77.com
  9. Ru.funfreecasin.com
  10. Vip-vulcan.top
  11. Casino.m.partycasino.com

Жоғары көрсетілген фактілерге байланысты Қазақстан Республикасының ақпарат және коммуникациялар министірлігіне сол сайттарды заңсыз деп тану және оларды жабу жөнінде сотқа талап арызды енгізу туралы хабарлама жіберілді. Қазақстан Республикасының ақпарат және коммуникациялар министірлігінің хатына сәйкес казіргі танда бұл парақшалар жабылды.

Жоғары алтылғандарды еске отырып, заңсыз ойын бизнесін ұйымдастыру фактісі мәлім болса немесе ақпарат болған жағдайда Атырау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Экономикалық тергеу қызметіне 8 (7122) 35-42-10, 31-60-59 телефон нөмірлері арқылы хабарлауыңыз сұралады.

 

Атырау облысы бойынша МКД ЭТҚ ПЖжББ