Date of publication: 13.10.2015 10:51
Date of changing: 13.10.2015 11:05

                                                                                                                                                                 Заңнамадағы өзгерістерді түсіндірді!

 

2015 жылдың 7 қазан айында «Арын» сауда орталығында орта және шағын бизнес кәсіпкерлері мен Атырау қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы арасында басқарма басшысының орынбасары А.С. Рзағұлованың қатысуымен семинар өткізілді. Аталған семинарда: Ел басымен орындауға анықтған «бес институционалдық реформасы-Мемлекетті дамытудың жаңа сатысы жүзеге асырудың» белгіленген бағыттағы нақты қадамы анықталған «100 нақты қадам» төңірегіндегі сұрақтар қарастырылды. Сонымен бірге, «Деректерді беру  функциясы бар бақылау касса машинасын тіркеу», «Мүлікті жариялау», POS- терминалдарды пайдалану және «Чек талап ет-Ұтыс ал!» тақырыптары да қарастырылды.

Өз баяндамасында Басқарма басшысының орынбасары А.С. Рзағұлова салық толеушілердің есіне:

            2014 жылдың 1 қазанынан бастап «Мүлікті жариялау» жүргізіліп жатқандығын және бұл, 2017 жылдың 01 қаңтардын бастап қолданысқа енгізілетін,  алдымен мемлекеттік қызметкерлерге, кейіннен барлық жеке тұлғаға қатысты кірістері мен шығындарын анықтайтын жалпылама салықтық декларациялаудың алдыңғы сатысы екендігін.

     ҚР Салық кодексінің 645 бабына сәйкес, 2015 жылдың 1 шілдесінен бастап, қызметін телекомуникация сеті қарастырылмаған жерлерде жүзеге асыратын салық төлеушілерден басқа, жалпылама және бөлшек саудада бензин,  жанар жағармай, арақ өнімдерін сатумен айналысатын  салық төлеушілер, ақшалай есеп айырысу кезінде «онлайн» режимінде  деректерді беру  функциясы бар бақылау касса машинасын қолдануға міндетті. Ал, 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап барлық салық төлеуші «онлайн» режимінде  деректерді беру  функциясы бар бақылау касса машинасын қолдануға міндеттілігін.

Қызметін телекомуникация сеті қарастырылмаған жерлерде жүзеге асыратын салық төлеушілерден басқа Заңды тұлғалар мен Дара кәсіпкерлер POS-терминалдарын қолдануға міндетті екендігін.

           Сонымен қатар, Атырау қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасымен 2015 жылдың 1 қаңтарына дейін  «Чек талап ет-Ұтыс ал!» акциясы жүргізіліп жатқандығын және  БКМ-ның чегін купонға айырбастау пункті, Атырау қаласы бойынша МКБ-ның ғимаратында және қалалық сауда орталықтарында орналасқандығын айтып өтті.