Date of publication: 09.10.2015 17:22
Date of changing: 09.10.2015 17:26

«Дөңгелек үстел» отырысы  өтті

 

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 2015 жылғы 20-шілдедегі №417 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Респбликасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру бойынша 2015-2017 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарының 25-бөлімін орындау мақсатында, Атырау  облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде Экономикалық тергеу қызметі Профилактикалық жұмыс және бақылау басқармасының ұйымдастыруымен «Дөңгелек үстел» өткізілді.

Кездесудің тақырыбы – сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес. «Дөңгелек үстелге» «Нұр отан» партиясының мүшелері мен Қаржы полиция органдары ардагерлерінің Атырау облысы бойынша ұйымы қоғамдық бірлестігінің мүшелері қатысып, сөз сөйледі. Кездесуде сонымен қатар, Департаменттің Ішкі қауіпсіздік басқармасының басшысы З.К.Заңқанов баяндама жасады.

Биылғы жылғы Елбасының Қазақстан халқына арналған «Нұрлы жол болашаққа бастар жол» атты Жолдауында, одан кейінгі 5 институттық реформа жүзеге асыруға бағытталған 100 нақты қадам жоспарында жемқорлыққа қарсы күресті күшейту талабы қойылып отыр. Бұл дегеніміз мемлекеттік қызметшілерге жоғары деңгейде жауапкершілік жүктейді.

Мемлекеттік кірістер органдарының басты міндеттерінің бірі - бизнес қауымдастығының қызметіне қолайлы да оңтайлы жағдай жасау, көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру, яғни салық төлеуші жеке және заңды тұлғалардың салықтық міндеттемелерін орындауда, оның ішінде салық есептерін тапсыру және салықтық төлемдерді төлеуде  кезек тұруды  азайту болып табылады.

Елбасымыздың  алдымызға қойған үлкен де, жауапты міндеттерін сапалы, әрі уақтылы орындауымыз және сыбайлас жемқорлыққа қарсы  қоғам болып бірлесе еңбек етуіміз, яғни қоғам болып жемқорлыққа  «нөльдік төзбеушілік»  қағидасын  ұстануымыз  қажет деп З.К.Заңқанов өз  сөзін қорытындылады.