Date of publication: 01.08.2018 18:27
Date of changing: 01.08.2018 18:41

 

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жеке тұлғалардың кірістері мен мүлкін декларациялау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңына сәйкес Жалпыға бірдей декрацияландыру бір кезеңге 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді. ҚР «Салық және басқа да міндетті төлемдер» туралы кодексінің (Салық кодексі) 630-бабы Кірістер мен мүлкі туралы декларация

            2020 жылғы 1 қаңтардан бастап жеке тұлғалардың табыстарын декларациялауды енгізу «100 нақты қадам Ұлт жоспарының» 42-қадамын жүзеге асыру аясында жүргізілетінін атап өткен жөн.

          Жалпыға бірдей декларациялау жүйесін енгізу мақсаты -  көлеңкелі экономикаға және сыбайлас жемқорлық көріністеріне қарсы тұру үшін жеке тұлғалардың табыстары мен мүліктерін тиімді бақылау жүйесін құру болып табылады.

           Жалпыға бірдей декларация жүйесін енгізу салықтық әкімшілендіруді барынша қамтуды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді және салықтарды толық төлеуді қамтамасыз етеді.

            2020 жылы Декларацияны кімдер тапсырады десек, олар:

          - Қазақстан Республикасының кәмелетке толған азаматтары, оралмандар және тұруға ықтиярхаты бар адамдар;

           кәмелетке толмағандар - егер оларда мүлік тіркелсе немесе табыс алса;

           шетелдіктер - Қазақстан Республикасының аумағында меншік немесе үлес болған кезде.

Декларациялау жүйесін енгізгенде 2019 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша жеке тұлғаның активтері мен міндеттемелері бойынша жеке тұлғалардың активтері, дебиторлық берешегі және төленуі, шетел банктері бойынша ақшалай және банк реквизиттері (депозиттері, заемдары) туралы 250.00 түріндегі бастапқы (енгізу)  декларация табыс етіледі.

            Бұдан басқа, жеке тұлға мәдени құндылықтар, зергерлік бұйымдар, биологиялық активтер түрінде басқа да мүлікті көрсете алады.

Декларацияларды электронды түрде ұсынуға мүдделі болу үшін, өтініш беру үшін екі мерзім бар:

          - 15 шілдеге дейін декларацияны қағаз бетіне тапсыратындар үшін, сонымен де

 - декларацияны электронды түрде ұсынатындар үшін 15 қыркүйекке дейін. 

           Келешекте табыстың және мүліктің декларациясы жыл сайын (жылдық) табыс етіледі,  ол 2 нысан бойынша қарастырылған - 270.00 кеңейтілген нысаны, 260.00 қысқаша нысаны.

            Кеңейтiлген декларацияда жыл ішіндегі табыстар көрсетіледі, салықтарды шегерiмдер, жылжымайтын мүлiктi, көлiктi, бағалы қағаздарды, меншiктi капиталды, инвестициялық алтындарды, туынды қаржы құралдарын сатып алу (ақысыз алу) немесе иелiктен шығару (ақысыз беру).

         Кіріс пен мүліктің қысқаша декларациясын (бір парақта) зейнеткерлер, студенттер мен жалданбалы жұмысшылар ұсынады. Осылайша, бір жыл ішінде басқа ешқандай табыс алынбағанын растайды. Бұл декларацияны тұрғындардың шамамаен 70%-ы табыс етеді (мұғалімдер, зейнеткерлер, студенттер мен жалданбалы жұмысшылар).

 

Атырау қаласы бойынша МКБ