Date of publication: 27.07.2018 16:31
Date of changing: 27.07.2018 16:43

Камералдық кедендік тексеру

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» Кодексінің 417 бабының негізінде, Кеден органдары камералдық кедендік тексеру нәтижелері бойынша кедендік декларациядағы бұзушылықтарды анықтаған жағдайда, тексерілетін тұлғаға оларды өз бетінше жою құқығы беріледі.

Хабарламада көрсетілген бұзушылықтармен келіскен жағдайда, бұзушылықтарды жою туралы хабарламадағы талаптарды орындау, оның ішінде тексерілетін тұлғаның кедендік декларациядағы мәліметтерге, оның ішінде тауарлардың кедендік құны бойынша мәліметтерге өзгерістер (толықтырулар) енгізу туралы құжатты ұсынуы арқылы, қажет болған кезде кедендік төлемдердің, салықтардың, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарының, өсімпұлдардың, пайыздардың төленгенін растайтын құжаттардың және (немесе) мәліметтердің көшірмелерін қоса бере отырып орындау камералдық кедендік тексеру нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды өз бетінше жою деп танылады.

Камералдық кедендік тексеру нәтижелері бойынша бұзушылықтарды жою туралы хабарламаны орындау мерзімі тексерілетін тұлғаға мұндай хабарлама тапсырылған күннен кейінгі күннен бастап отыз жұмыс күнінен аспайтын мерзімді құрайды.

Тексерілетін тұлғаның кедендік тексеруді жүзеге асыратын кеден органынан ерекшеленетін кеден органы шығарған кеден декларацияларына қатысты камералдық кедендік тексеру жүргізілген кезде камералдық кедендік тексеру актісінің және бұзушылықтарды жою туралы хабарламаның көшірмелері бұзушылықтарды жою туралы хабарлама шығарылған күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірілмей тауарларды шығару жүргізілген кеден органына жіберілуге жатады.

Камералдық кедендік тексеру бөлімі