Дара кәсіпкердің қызметі тоқтатылғаннан кейін талап қоюдың ескіру мерзімі ішінде бұзушылықтарды анықтаған жағдай туралы
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының кодексінің (Салық кодексі)67 бабына сәйкес, дара кәсіпкерлер оңайтылған тәртіппен таратылған жағдайдакамералдық бақылау салық кодексінің 48 - бабында белгіленген ережелер ескере отырып, талаптың өткен мерзімі ішінде жүзеге асырылады.
Салық органы 67 – бабы 7 – тармағына сәйкес салық органыосы бапқа сәйкес дара кәсіпкердің қызметі тоқтатылғаннан кейін талап қоюдың ескіру мерзімі ішінде бұзушылықтарды анықтаған жағдайда, дара кәсіпкер ретінде тіркелу кезеңінде жүзеге асырылатын қызмет бойынша салықтар, бюджетке төленетін төлемдер және әлеуметтік төлемдер бойынша салықтық міндеттемелерді есептеуді жеке тұлға оларды төлеу бойынша міндеттемелер туындаған кезге қолданыста болатын Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес жүргізеді.
Осылайша, талап қоюдың ескіру мерзімі ішінде ерте берілен таратудың есептілігін ескере отырып, салықтық есемтілік насынында алшалықты анықталған жағдайда, салық міндеттемелері туындаған кезде сәйкес жеке тұлға салық есептілігі нысанын тапсыру керек. Тиісінше, егер жеке тұлға жалпыға кәсіпкерлік қызмет жүзеге асырған кезде аталған айырмашылық анықталған болса, онда мұндай тұлға қолданыстаға заңнамаға сәйкес оған сол уақытта арнаулы салық режимін тапсыру керек.
Атырау қаласы бойынша МКБ