Date of publication: 20.07.2018 19:22
Date of changing: 20.07.2018 19:26

САЛЫҚ ТӨЛЕУШІЛЕР НАЗАРЫНА!

Жылыой ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы мынаны хабарлайды.

Жылыой ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы, "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті  төлемдер  туралы" Қазақстан Республикасының  Кодексінің  (Салық Кодексінің) 93- бабының 5 тармағына сәйкес, Салық органдары субъектілерге қатысты мәжбүрлі түрде тарату (есептік тіркеуден шығару, қызметін тоқтату) үшін талап қою арыздарын сотқа  күнтізбелік жылдың 1 қыркүйегінен кешіктірмей жібереді.

Аталған заңның көрсетілген 93-бабына  сәйкесті мәжбүрлеп таратуға жататын салық төлеушілер өздеріне қатысты кредиторлардың талаптары болмаған жағдайда және төмендегі шарттарға сәйкес келген жағдайда:

1. Мәжбүрлі тәртіппен қызметін тоқтатуға бір мезгілде мынадай шарттарға сәйкес келетін:

1) күнтізбелік жылдың 1 қаңтарына дейін, бірақ осы Кодекстің
48-бабында белгіленген талап қоюдың ескіру мерзімінен кем болмайтын мерзімде:

салықтық есептілікті ұсынбаған;

экспорттық-импорттық операцияларды жасамаған;

егер күнтізбелік жыл ішіндегі төлемнің және (немесе) ақша аударымының сомасы республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын жалақының                     12 еселенген ең төмен мөлшерінен аспайтын  жағдайларды қоспағанда, банктік шоттар бойынша төлемдерді және (немесе) ақша аударымдарын, сондай-ақ зейнетақы төлемдерін және (немесе) әлеуметтік төлемдерді алуды жүзеге асырмаған;

қосылған құн салығын төлеуші ретінде тіркеу есебінде тұрмаған;

2) күнтізбелік жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша:

қосылған құн салығын төлеуші ретінде тіркеу есебінде тұрмаған;

осы Кодекстің 213 және 214-баптарында айқындалған тәртіппен салықтық есептілікті ұсынуды тоқтата тұрмаған;

жеке тұлғалардан мүлік, көлік құралдары салықтары, жер салығы, бірыңғай жер салығы салынатын объектілерді қоспағанда, меншік құқығында көрсетілетін салықтар салынатын объектілер жоқ;

әлеуметтік төлемдер бойынша берешегі жоқ;

салықтар және бюджетке төленетін төлемдер, кедендік төлемдер және республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын 6 еселенген айлық есептік көрсеткіштен асатын мөлшердегі салықтар бойынша салықтық берешегі жоқ резидент-заңды тұлғалар, олардың құрылымдық бөлімшелері, бейрезидент-заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшелері,  қызметін құрылымдық бөлімше ашпай, тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын бейрезидент-заңды тұлғалар, дара кәсіпкерлер жатады.

Осымен байланысты, мәжбүрлеп таратуға жататын салық төлеушілердің қалыптастырылған тізімдері салық төлеушілердің тіркелген салық органдары көрсетіле отырып, мына-мекен-жайларда орналастырылған:Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Атырау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментініңweb-порталы http://atr.kgd.gov.kz/kk/all/services

Салық төлеушілерге қатысты талаптар туындаған жағдайда,тіркеу орыны бойынша төмендегі салық басқармасына өтініштермен хабарласуға болады:Жылыой ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы-Құлсары қаласы,Ж. Ізтұрған көшесі, 7.