Date of publication: 25.09.2015 19:57
Date of changing: 25.09.2015 20:11

Қоғамдық-консультативтік кеңес отырысы өткізілді

 

22 қыркүйек күні Атырау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде Қоғамдық-консультативтік кеңестің кезекті отырысы өткізілді.

Отырысты ашқан Департамент басшысы Мәди Төкешұлы Такиев 5 институттық реформаларды  жүзеге асыруға бағытталған «100 нақты қадам» бағдарламасы шеңберінде мемлекеттік кірістер органдарындарына қойылған мақсаттары мен МКД ағымдағы жылда атқарылған жұмыстары бойынша қысқаша баяндады.

Күн тәртібінде төмендегідей мәселелер қаралды:

1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 20.04.2015ж. №274 бұйрығы бойынша кеден баждары мен салықтарын төлеуді қамтамасыз ету бойынша есеп Ережелері туралы ақпарат.

2. Кіші және орта бизнестің төлем қабілетсіздігі болған кездегі мемлекеттік қалпына келтіру қолдау туралы ақпарат.

3. Мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыруға бөлінген бюджеттік қаражаттарды талан-таражға салуға қарсы күрес бойынша қабылданған шаралар туралы ақпарат.

Сонымен қатар, Атырау облысы кәсіпкерлер  және жұмыс берушілер  Одағының төрайымы Әлия Байжанқызы Беккөжиева және Атырау облыстық Кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары Сәрсенбай Хамидоллаұлы Жолдыбаев фискалды жады бар бақылау-кассалық машиналарды қолдану, жанама салықтарды өндіріп алу механизмін жетілдіру, қосылған кұн  салығының орнына сатылымның салығын енгізу,  аудандардағы сауда нүктелерінде POS-терминалдар орнату, жалған кәсіпкерліктің жолын кесу, салықтық тексерулер өткізу және тағы басқа мәселелер бойынша өз пікірлерін айтты.

Талқылау кезінде айтылған мәселелер қаперге алынды.

 

Айслу Телеушева, Атырау облысы бойынша МКД

Түсіндіру жұмыс басқармасының бас маманы

Тел7 45-15-77