Date of publication: 02.07.2018 11:36
Date of changing: 02.07.2018 12:04

        

БАҚ өкілдері мен қаламгерлерге құрмет көрсетілді.

            Атырау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдеріне құрмет көрсетілді.

            Департамент басшысы Ерлан Амантайұлы бұқаралық ақпарат құралдарының  мемлекеттік кірістер органдарының бірнеше саланы қамтитын қызметін ақпараттандыруда еңбектері өлшеусіз екендігін, жұртшылықтың құқықтық сауаттылығын, салықтық мәдениетін көтерудегі маңызды ролін атап өтті.  Сала мамандарының Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретінде қалыптасуында алатын орны мен атқарған қызметі айрықша. Сіздер ел Президенті, Ұлт көшбасшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың жасампаз идеяларының төңірегіне қоғамды топтастыру, ұлтты ұйыстыруға зор үлес қосып келесіздер деді.

        Жұртшылық үшін салық, кеден саясатын жетілдіру бағытындағы жаңа заңнамалық құжаттарды таныстыруда ерекше үлесі бар қалам ұстаған, эфир меңгерген бір топ журналистерді, дикторлар мен операторлар марапатталды.

Журналистер қауымының өкілдері өздері үшін жасалған ілтипатқа алғыстарын білдірді.

Атырау облысы бойынша МКД.