
Ашық есік күні!
2018 жылдың 21 маусымында Атырау облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті «Ашық есік күнін» өткізді. Бес институционалды реформаның басым бағыттарының бірі – мемлекеттік органның ашықтығын қамтамасыз ету, шараның басты мақсаты халықтың салық және кеден заңнамалары бойынша ақпараттылық деңгейін арттыру болып табылады.
Нәтижесінде әділ түрде тәртіпке негізделіп салық алдындағы міндеттемелерін уақытылы әрі толық орындауға үндеу. Шара кезінде салық төлеушілер өз мәселелері бойынша кеңестер алды.
Атырау облысы бойынша МКД.