
Қаржы Министрінің есебі тыңдалды.
Бейнеконференц байланысы бойынша Атырау облысы әкімдігінің ғимараты, Әйтеке би, 77,6 қабатында орналасқан конференц-залында Қазақстан Республикасы Қаржы Министрі Бақыт Сұлтановтың халықпен есепті кездесуі 2018 жыл 20 маусымда сағат 14-00 өтті.
Бақыт Сұлтанов қоғам мен БАҚ-ға 2017 жылғы Қаржы министрлігінің қызметі және Қазақстанның мемлекеттік бюджетінің жай-күйі туралы хабарлады. «Есепті қаржы жылында мемлекеттік бюджетке кірістер (трансферттерді қоспағанда) 7 трлн. теңгеден астам соманы құрады. Жоспар 102,2%-ке орындалды, өткен жылға өсім 700 млрд. теңгені, немесе 11%-ті құрады», - деп хабарлады министр, жоспардың артығымен орындалуына негізінен салық түсімдерінің өсуі есебінен болғанын қосымша атап өтті.
Шығыс бөлігі бойынша да рекордтық игеруге қол жеткізілді.
«Республикалық және жергілікті бюджеттердің шығыстары тиісінше 99,8%-ке және 99,6%-ке атқарылды, бұл өткен жылдың деңгейінен жоғары (2016 жылы РБ бойынша - 98,3%, ЖБ бойынша - 99,2%). Бұған тиімді бюджеттік жоспарлау және оны атқару есебінен қол жеткізілді», - деді Б.Сұлтанов.
Қаржы министрлігінің басшысы бұрынғысынша бюджеттің басымдығы әлеуметтік сала болып қалып отырғанын атап өтті. «Бюджет құрылымында әлеуметтік шығыстардың үлесі 2016 жылы 49,8%-тен 2017 жылы 51,5%-ке дейін ұлғайды, яғни бюджет қаражатының 50%-тен астамы әлеуметтік салаға бағытталды», - деп ол атап өтті.
Министр мемлекеттік сатып алу мен бюджеттік жоспарлау саласына (жергілікті өзін өзі басқару бюджеттерін қоса алғанда) енгізілетін жаңашылдықтар туралы, сондай-ақ ведомствоның бизнес-процестерді жеңілдетуге және салық базасын цифрландыру және әкімшілендіру есебінен салықтардың жиналуын арттыруға бағытталған жұмысы туралы хабардар етті.
Бақыт Сұлтанов залдағы тұрғындарның сұрақтарына жауап берді. Кездесуге 70 қала тұрғындары қатынасты.
Атырау облысы бойынша МКД.