Date of publication: 22.06.2018 11:03
Date of changing: 22.06.2018 11:07

«Бірлескен  істе нәтиже  бар»

 

15.06.2018 жылы Атырау облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті Экономикалық тергеу қызметі Профилактикалық жұмыс және  бақылау басқармасының басшысы Қ.С.Жардемовтің ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Атырау филиалы және  2 деңгейдегі  банк  субъектілерінің  уәкілдерімен «Көлеңкелі  экономикаға  қарсы  іс-әрекет  және  қолма-қол  ақша айналымының  ұлғаю  себептерін,  жалған ақша  айналымын  анықтауға  байланысты  шаралар» тақырыбында  екі  ортадағы  өзара  қарым-қатынасты  жандандыру  бағытында  «дөңгелек үстел»  шарасы  өткізілді.

Шара  барысында Экономикалық  тергеу  қызметінің  аға офицері А.К.Өмірбеков  Көлеңкелі экономикаға қарсы іс-әрекет және қолма-қол ақша айналымының ұлғаюы, жалған ақша  айналымын анықтаумен салалары бойынша  атқарылған  жұмыс  нәтижелері негізінде  баяндама  жасап, нақты ақпараттарға тоқталды. Жалған ақша айналымының  алдын  алу және анықтау  бағытындағы тұрақты жұмыс  жасаған  банк  қызметкерлеріне  бірлескен қызметтері  үшін  алғыс  білдірді.

Сондай-ақ, шараға  қатысушыларғаалдағы  уақытта осы бағыттарда  бірлесіп жұмыс жасау және  жедел  ақпарат алмасуды жандандыру  қажеттілігі  түсіндірілді.

Сонымен қатар, шараға  қатысушы  банк  қызметкерлерімен  екі ортада  Көлеңкелі экономикаға қарсы іс-әрекет және қолма-қол ақша айналымының  ұлғаю себептерін, жалған ақша айналымын анықтауғақатысты проблемалық сұрақтар талқыланды.

Дөнгелек үстел  шарасын  қорытындылай  келе, Қ.С.Жардемов, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Атырау филиалы және 2 деңгейдегі банк субьектілерінің қатысуымен қолданыстағы  ҚР нормативтік-құқықтық актілерді  талқылау,  егер  мәселелі  сұрақтар  туындаған жағдайда   уәкілетті  органдарға  толықтырулар  мен өзгертулер  жөнінде  ұсыныстар  беру және Көлеңкелі экономикаға қарсы іс-әрекет және қолма-қол ақша айналымының ұлғаю себептері анықтау, жалған ақша айналымының алдын-алуға немесе оларды жою, өзара қарым-қатынасты нығайту мақсатында екі жақты   мәміле  (мемарандум)  жасақтауды талқылау  жөнінде ұсыныстар берілді.

 

Атырау облысы бойынша

мемлекеттік кірістер департаментінің

Экономикалық тергеу қызметі