
«Көленкелі экономикаға» қарсы әрекет етуге өз үлесіңді қос - Түбіртекті талап ет.
«Көленкелі экономика»- бейресми (ашық жүретін, бірақ салықтан табысты жасыратын, ресми статистикада ескерілмейтін) экономика қосып жазу,тапқан табысты жасыру, алаяқтық шарттар мен пара алушылыққа тән жалған экономика, заңда тиым салынған астыртын экономика деп аталатын түрлері бар. Көптеген елдерде, оның ішінде ТМД елдерінде де нарықты экономикаға байланысты өте кең тараған. Осы жағдай біздің қоғамда өте көп кездеседі.Қазіргі кезде көленкелі экономикамен байланыстызаң бұзушылықтар өте көптеп орын алуда. Соның ішінде өте көп кездесетіні мысалы:қызмет алушы тауарларды алып,бақылау кассалық - аппараттарының түбіртегін талап етпеуі.Қазіргі уақытта қоғамда соған байланысты көптеген акциялар өтуде.Бұл акциялардың бағыты, халыққа түсіндірме жұмыстарын жүргізу, олардың сол процесске белсенді қатысуын және көленкелі экономикамен байланысты құқықбұзушылықтардың, қылмыстық іс-әрекеттердің алдыналу, болдырмау болып табылады. Қазіргі уақыттасоған байланысты қоғамда алып жатқан мәселелер өте көп. Соның ішінде, белгілі бір сатып алушы затты алып түрбіктекті сұрамайды, ал жеке кәсіпкер ол түбіртекті бермейді. Атап айтқанда, кәсіпкерлер тұтынушыға қызмет көрсету барысында бақылау-кассалық машинасын қолдану туралы Қазақстан Республикасының заннама талаптарын толықтай орындамайды. Сол себепті, арнайы талаптардыорындамағандықтанқұқықбұзушылықтар орын алады. Соның ішінде, тапқан пайданы жасыру, тиісті салық және де басқа міндетті төлемдерді (табыс салығы,қосымша құн салығы, зейнетақы қоры жарнасы, әлеуметтік салық және т.б.) төлеуден жалтару деректері көптеп орын алып отыр.
СондықтанҚазақстан Республикасы Қаржы Министрлігі Мемлекеттік кірістер Комитеті, Комитетттің аумақтық Департаменттері, басқармалары тарапынанжалпы құқықбұзушылықты болдырмаудың бірнеше мақсаты көзделген, оның ішінде халықтың сауаттылығын дамыту және азаматтық белсенділікті көтеру, халықпен ақшалай есеп айырысу барында бақылау-кассалық аппараттарын қолдану маңыздылығына байланысты қоғамда оң пікірді қалыптастыру. Қызмет алу барысында азаматтардың өз мүдделерін қорғау туралы құқықтық мәдиниетті қалыптастыру, қолданыстағы заңнамаға сәйкес қоғаммен салық төлеушілерді ақпараттандыру және кәсіпкерлер арасында адал бәселекелестікті дамыту болып табылады.
Негізінен бақылау кассалық-аппаратты көрсетілген қызметке, сатылған тауарға төленген ақша сомасын түбіртекке жазып, қандай көлемде қаржы төлегенін(қаржы айналымын)белгілеп отырады. Атап айтқанда, бақылау кассалық-аппараттарын арнайы талапқа сай тұрақты пайдалану, кәсіпкерлік субъектілерінің тапқан табысына сай салықтық төлемдерді толықтай төлеуін қамтамасыз етуге(оның ішінде, қызметкерлерге төленетін ай сайынғы еңбекақы және зейнетақы қоры жарнасы, әлеуметтік салық, табыс салығы мөлшерінің толық көрсетілуіне және бюджетке салықтың толық есептеліп, төленуіне) мүмкіншілік жасайды. Жалпы мемлекеттік кіріс Комитеті, аумақтық Департаменттері, басқармалары тарапынан арнайы жұмыстар, кездесулер, дөнгелек үстелдер, акциялар өткізіле тұрса да, әлі де болса кәсіпкерлік субъектілері тұтынушымен екі ортада қолма-қол ақшамен есеп айырысуда бақылау кассалық-аппарттарын тұрақты пайдаланбайды және тұтынушы өзіне көрсетілген қызметке, тауар сатып алғанда түбіртекті талап етпейді.
2018 жылғы 21 мамырдан бастап 2018 жылдың 30 қарашасына дейінгі аралықта жалпыреспубликалық «Түбіртекті талап етте – сыйлық ұтып ал»акциясы жүргізілуде. Бәріміз осы акцияға қатысып, «көлеңкелі экономикаға» бүкіл қоғам болып қарсы тұрайық.
Жалпы осы мәселені қорытындылай келе, «көленкелі экономика» саласындағы құқықбұзушылықтарды, қылмыстарды жою мақсатында осы келеңсіздікпен қоғам болып күрескенде ғана жеңіске жетуге болатындығын түсіндіргім келеді. Сол себепті, әр уақытта көрсетілген қызметке, сатып алған тауарға бақылау кассалық - аппараттының түбіртегін талап етейік! Еліміздің экономикасының жоғарлауына өз үлесімізді қосайық!
Атырау облысы бойынша МКД ЭТҚ ПЖжББ