Date of publication: 15.05.2018 16:00
Date of changing: 15.05.2018 16:08

 

        Атырау қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасында  салық төлеушінің тұрғылықты жеріне қарамастан, салық салу объектісінің орналасқан жері бойынша Салық кодексінің «салықты есептеу мен төлеу тәртібіне» сәйкес  жеке тұлғалардың салық салу объектілері бойынша салық есептілігін  жүргізумен қатар, Атырау қаласына қарасты селолық округтердің және  «Атырау Энерго сату» мекемесінің көмегімен салық төлемдерінің хабарламаларын тарату жұмыстары жүргізілуде. Бүгінгі күнге Атырау энерго сату мекемесіне қарасты №5 участогімен мүлік және жер төлем хабарламалары тартуға берілді, яғни № 5 учаскеге Авангард- 4,3,2  м/ауданы, Сатпаева көшесі мен Лесхоз ,Гаухартас, Каспий м/аудандары кіреді. Осыған сәйкес жергілікті салық салу объектілері бар жеке тұлғалар мүлік және жер салықтары төлем хабарламаларын өздеріңіздің  аудандарыңызға бөлінген энерго сату учаскесінен немесе  өз селолық округтеріңізден  алуға болатындығын хабарлайды.