Date of publication: 15.05.2018 10:16
Date of changing: 15.05.2018 10:22

 

«Кедендік баждардың, салықтардың төленуін қамтамасыз етуді тіркеу»

мемлекеттік қызметін көрсету

 

Сіз «Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің  (бұдан әрі - Кодекс) 105-бабына сәйкес 26.12.2018 ж. «Кедендік баждарды, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарды төлеу жөніндегі міндеттерді орындауды қамтамасыз етудің, сондай-ақ  кеден ісі саласында қызметін жүзеге асыратын заңды тұлғаның және (немесе) уәкілетті экономикалық оператордың міндеттерінің орындалуын қамтамасыз етудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің №294 бұйрығы бойынша «Кедендік баждардың, салықтардың төленуін қамтамасыз етуді тіркеу» мемлекеттік қызметін Атырау қаласы Абай  көшесі 8 үйде орналасқан (телефон 8 (7122) 31-60-90) Атырау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментіне арызбен жүгіну арқылы ала аласыз.

            Сонымен қатар, Кодекстің 97-бабының 1-тармағына сәйкес кедендік баждарды, салықтарды төлеу мынадай тәсілдермен қамтамасыз етіледі:

ақшамен; банк кепілдігімен; кепілгерлікпен; мүлік кепілімен; сақтандыру шартымен.

                Атырау облысы бойынша МКД аталған мемлекеттік қызмет түрін алу барысында ҚР Қаржы Министрлігінің  30.01.2018 жылғы №87 Бұйрығының №1-қосымшасына сәйкес бекітілген өтініш нысандарын  басшылыққа алу қажет.