
Салық заңнамасы түсіндірілді
2015 жылдың 30 шілдсеінде Атырау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Түсіндіру жұмыс басқармасының басшысы Б.Д.Юсупов, Атырау қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы басшысының орынбасары А.С.Рзагулова, Түсіндіру жұмыс басқармасының бас маманы А.Ш.Телеушева қаланың екі үлкен сауда кешендері: «Көктем» және «Тамаша» сауда үйлерінде болып, жеке кәсіпкерлер, сауда аландарын жалға алушылармен кездесті.
Түсіндіру жұмыс басқармасының басшысы Б.Д.Юсупов кездесуге қатысушыларды 5 институциональды реформаның «100 қадам» бағдарламасынан туындайтын мемлекеттік кірістер органдарының міндеттері, облыстағы мүлікті жария ету барысы, электрондық шот-фактураларға көшудің артықшылықтарымен таныстырды.
Атырау қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқарсамын басшысының орынбасары А.С.Рзагулова 01.07.2015ж. және 01.01.2016ж. бастап қолданылатын «онлайн режимінде» мәліметтерде беретін кассалық-бақылау машиналарды қолдану тәртібімен, 01.01.2016ж.қосылуға қажет POS-терминалдар туралы таныстырды. Сонымен қатар, ол өткізіліп жатқан «Тұбіртекті талап ет- жүлдені ұтып ал!» акциясы туралы ақпарат берді.
Түсіндіру жұмыс басқармасының бас маманы А.Ш.Телеушева қазақ және орын тілдерінде дайындалған «Электрондық шота-фактуралардың ақпараттық жүйесі», «Мүлікті сату кезінде салықтық міндеттемені орындау», «Тұбіртекті талап ет- жүлдені ұтып ал» акциясы туралы буклеттерді таратты.
Кездесу соңында Юсупов Б.Д. және Рзагулова А.С. кәсіпкерлердің көптеген сұрақтарына жауап берді.
Түсіндіру жұмыс басқармасы дайындаған