Автоматтандырылған камералдық бақылау
Салық органдарымен автоматтандырылған камералдық бақылауды жүзеге асырылады. Бұдан басқа, электрондық құжаттар алмасу кезінде электрондық цифрлық қолтаңбаны (ЭЦҚ, криптокілт) пайдалану және тану туралы келісім жасасқан салық төлеушілердің Салық төлеуші кабинетіне (СТК) камералдық бақылау бойынша хабарландыру және хабарлама электронды түрде жіберіледі.
СТК камералдық бақылау хабарламаны қалай қарап шығу мүмкін
СТК кірген кезде камералдық бақылау бойынша жаңа хабарлама өзінен өзі шығып көрінеді. Құрылған хабарламаларды ойдағыдай қарап және басып шығару үшін версиясы 7.0 төмен емес Adobe Acrobat reader бар болғаны қажет.
Бұдан әрі жұмыс жасау үшін хабарламамен танысқан туралы белгіні қою қажет, әйтпесе СТК функционалына қол жеткізуіне мүмкіндік болмайды.
Қарап шыққан хабарламалар 60 жұмыс күні бойы «Салық төлеуші кабинеті>Сервистер>Хабарламалар/Хабарландырулар>бөлімінде сақталады. Сонымен қатар, электрондық поштаға хабарламаны жіберу мүмкіндік бар.
Бұл ретте хабарламаны электрондық пошта арқылы алу мүмкіндігі бар:
Келесіні есте сақтауыңызды сұраймыз: салық төлеушінің СТК-не тек қана камералдық бақылау хабарламасының өзі ғана жеткізіледі, ал хабарлама қосымшалары электрондық пошта адресіне сұратылуы қажет. Ол үшін:
1. СТК хабарламалар журналына кіріңіз;
2. «Әрекеттер» графасында конверт кескіні көрсетіледі:
3. Аталған кескінге курсорды бағыттап басу қажет, келесідей сұхбаттасу терезесі шығады:
4. сұхбаттасу терезесінде электрондық пошта адресін енгізіңіз және «Жіберу» кнопкасына басыңыз;
5. пошта арқылы төмендегідей мәлімдеме келеді:
6. мәлімдеге қосымша түрінде қыстырылған камералдық бақылау бойынша хабарлама және оның қосымшалары келеді.
Камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарламаны орындауды салық төлеуші (салық агенті) ол табыс етілген (оны алған) күннен кейiнгi күннен бастап отыз жұмыс күні ішінде жүзеге асырады.
Салық төлеуші (салық агенті) хабарламада көрсетілген бұзушылықтармен келіскен жағдайда, салық қызметі органдарына бүзушылықтар анықталған кезең үшін «хабарлама бойынша қосымша есептілік» таңбамен салық есептілігін тапсырады.
Салық төлеуші хабарламада көрсетілген бұзушылықтармен келіспеген жағдайда, салық қызметі органдарына анықталған бұзушылықтар жөнінде қағаз немесе электрондық жеткізгіште түсініктеме береді. Бұл ретте салық төлеуші салық қызметі органдарына мұндай түсініктемеге қоса салық есептілігінде көрсетілген деректердің дұрыстығын растайтын құжаттардың көшірмесін қоса ұсынуға тиісті.
Егер де салық төлеуші камералдық бақылау нәтижесімен анықталған хабарламаны белгіленген мерзімде орындамауы ҚР Салық кодексінің 118-бабына сәйкес салық төлеушінің банк шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұруға әкеп соғады.
Автоматтандырылған камералдық бақылау бөлімінің бас маманы Т.Оқасова