
«Қабылдау және өңдеу орталығы» салтанатты түрде ашылды
Атырау облысының әкімі Бақтықожа Ізмұхамбетов Атырау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде болып, «Қабылдау және өңдеу орталығы»-ның ашылу рәсіміне қатысты.
Бүгінгі күні Атырау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті 53 мемлекеттік қызмет көрсетеді, олардың 23 салықтық қызмет түрі және 3 кедендік қызмет түрлері «Электрондық Үкімет» WEB-порталы www.e.gov.kz және Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің ведомстволық порталы арқылы көрсетіледі.
2015 жылдың І жартыжылдығында барлығы 285980 мемлекеттік қызмет атқарылды, олардың:
- 226716-сы, немесе 79,3 пайызы электронды түрде;
- 59274-і, немесе 20,7 пайызы қағаз жүзінде.
Үстіміздегі жылдың басында Департаменттің 1-қабатындағы «Қабылдау және өңдеу орталығы» реконструкциядан өтті. Бұл жерде салық төлеушілерге қолайлы жағдай түғызу мақсатында «Кезекті электрондық басқару» жүйесі кондырылды. Салық төлеушілерге арналған «Терминал» кеңейтіліп, онда 40 компьютер орнатылды. Бұл «Терминал» Республикадағы ең ірілердің бірі болып есептеледі. Кезек күтушілерге ыңғайлы креслолар, құжаттарын толтыратын арнайы столдар қойылған.
«Қабылдау және өңдеу орталығында» құжаттарды қабылдайтын және өңделген құжаттарды салық төлеушілірдің кері алуына арналған 20 орын (терезе) жұмыс атқарды, 24 қызметкер жұмыс жасайды. Ол жерде барлық мемлекеттік қызметтер көрсетіледі және мүлік, жер, көлік салықтарынан хабарламалар тапсырылады. Орталық күніне шамамен 1400-1500 адамға қызмет көрсетеді
Салық төлеушілерден төлемдерді «Казпочта» АҚ-ның 4 кассасы қабылдайды.
Бірінші қабатта сонымен қатар медициналық және балалар бөлмелері де үйымдастырылған.
Салық төлеушілердің кезекте тұру мерзімін азайтуға және салықтық міндеттерін орындауға ыңғайлы жағдай туғызуға, адамдық факторларды шегеруге арналған барлық шаралар алынуда. Бұл қадамдар тұрғындар және бизнес субъектілеріне мемлекеттік қоржынын толтыруға оңтайлы стимул болады деп есептейміз.
Түсіндіру жұмыс басқармасы