Date of publication: 19.02.2018 10:04
Date of changing: 19.02.2018 10:10

 

Алкоголь өнімін есепке алу-бақылау маркаларын сәйкестендіру аспаптары болмаса, сақтауғажәне өткізуге тыйым салынады

Құрметті кәсіпкерлер!

Атырау қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы келесіні хабарлайды.

            Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 16 шілдедегі №429-I «Этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірілуін және айналымын мемлекеттік реттеу туралы» Заңына(бұдан әрі – Заң) сәйкес, этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірілуі мен айналымындағы мемлекеттік реттеудің негізгі мақсаты біздің мемлекетіміздің экономикалық мүдделерін қорғау және азаматтардың денсаулығы мен өмірін сақтауды қамтамасыз ету болып табылады.

Заңның  9 бабының 3 тармағында алкоголь өнімін есепке алу-бақылау маркаларын (бұдан әрі – ЕБМ) сәйкестендіру аспаптары болмаса, сақтауғажәне өткізуге тыйым салынады деген қағида қарастырылған.

Заңдакөрсетілгендей алкоголь өнімдерінің айналымын жүзеге асыратындарғаарнайы ЕБМ түпнұсқалылығын тексеруге арналған аспаптың көмегімен өз бетімен ЕБМ түпнұсқалылығын тексеру міндеттелген. Яғни, соның көмегімен салық төлеуші өзін контрафактілі өнімдерден сақтай отырып, алкоголь өнімінің көлеңкелі айналымын төмендетеді.

Сонымен қатар, сіздердің назарыңызды  Заңда қолдануға рұқсат етілген аспаптардың белгіленген тізбесі көзделмегендігіне аударамыз. Алкоголь өнімін көтерме және бөлшек саудада өткізуді жүзеге асыратын субъектілер нарықта ұсынылған аспаптардың түрлерін, егер ондай аспаптар ЕБМ маркаларының қорғау элементтерін айқындауға және (немесе) ЕБМ-нан ақпаратты оқуға мүмкіндігі бар болған жағдайда, өз еркімен таңдай алады.

Толық ақпаратты 30-35-32 телефоны арқылы немесе Атырау қаласы Азаттық даңғылы 94 А (27-кабинет) мекен-жайынан білуге болады.