Date of publication: 01.02.2018 17:46
Date of changing: 01.02.2018 18:44

 

САЛЫҚ ТӨЛЕУШІЛЕР ҮШІН СЕМИНАР ӨТКІЗІЛДІ

Атырау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті  салық төлеушілер және сыртқы экономикалық  қызметке қатысушылар үшін Салық және Кеден кодекстарыны енгізілген өзгерістер мен қосымшалар бойынша  семинар өткізілді.

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңымен Салық кодексте өзгерістер мен толықтырулар бойынша  салық төлеушілер, сыртқы экономикалық қызметке қатысушыларға  семинарды Атырау облысы бойынша МКД басшысының орынбасары Нұржанов Жәнібек Мәулетбекұлы ашып,  кездесудің мақсаттары және бағдарламасымен таныстырды. Кіріспе сөзінде ол салықтық әкімшілендірудің, жалпы идеологияның өзгергені, оның  адал салық төлеушілердің мүддесін қорғайға бағытталғанын аталдты. Жаңа иделогия, жаңа ынталандыру шаралары сапалы өзгерістердің негіздерін қалайды, салықтық  жаңалықтар салықтық  дауларды азайтады, тексеру саны азаяды, кредиттеу қолдау табатыны да айтылды.

Баяндама жасаған  МКД басқарма жаңа Салық кодексіндегі салықты әкімшілендіру, ҚҚС қайтаруды әкімшілендіруді жетілдіру, ҚҚС бойынша бақылау шоты, жер  қойнауын  пайдаланушыларға  салық  салу, денгейлес мониторинг, арнайы салық режимдерін жетілдіру, салық міндеттемісінің орындау мерзімін өзгерту, бюджеттің төртінші деңгейін жетілдіру, салықтық тексерістер, Мемлекеттік кірістер саласындағы ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық, Мүліктік табыс салығындағы өзгерістер туралы ақпарат берілді.

Барлық баяндамалар барысында слайдтар көрсетілді. Семинарға қатысып отырған салық төлеушілер тарапынан түскен сұрақтарға толық жауаптар берілді.

Атырау облысы бойынша МКД