Date of publication: 15.12.2017 15:33
Date of changing: 15.12.2017 15:38

 

Таксистердің білуі қажет

 

Кәсіпкерліктің кең дамыған түрлерінің бірі - жолаушыларды автокөлікпен тасымалдау такси түрінде. Бұл кәсіпкерлікпен шұғылданатын Атырау қаласы бойынша 1600 тұлға тіркелген, сонымен қатар, заңсыз айналысып жүргендер де аз емес.

Қазақстан Республикасының «Aвтомобиль көліктері туралы» Заңының 1 бабынан 25-1 тармақшасына және 26 бабының 1 тармағына сай, такси болып тұлға танылады, егерде, кәсіпкерлікті бастамай  тұрып жергілікті атқарушы органдарға ҚР «Рұқсаттар және хабарламалар туралы » Заңының 46 бабына сәйкес хабарлама берген болса. Осы аталған Заңнын 46 бабының 2 тармағына және 49 бабының 1.6 тармақтарына және мемлекеттік органдардың хабарламаларды қабылдау тәртібінің 3 тармағына сай, хабарламалар электронды түрде қабылданып, реестрлер жүргізіледі (электронды түрде жіберуге мүмкіндік болмаған жағдайды қағаз түрінде жүргізіледі).

Осы аталған Заң талаптарына сай, кәсіпкерліктің такси түрімен айналасатын тұлға, 2  түрлі хабарлама жіберуге міндетті:

-біріншіден - мемлекеттік кірістер оргындарына кәсіпкерлікпен  айналысатыны туралы (ЖК);

-екіншіден - жергілікті атқарушы органдарына – кәсіпкерліктің такси түріменен айналысатын туралы (ҚР Салық кодексінің 565 б., «Aвтомобиль көліктері туралы» Заңының 26 б.1т. және «Рұқсаттар және хабарламалар туралы » Заңының 46 б.).

Өз кезегінде, уәкілетті органдар (мемлекеттік кірістер органдары және акиматтар) хабарламаларды қабылдап, ол туралы түбіртек (талон) береді  және реестрлер жүргізіп отырады (кәсіпкер болып тіркелгені және такси болып реестрге енгізілгені туралы).

Бір ескеретін жағдай, кәсіпкер болып тіркелгенін  кірістер органдарының талоны (түбіртегі) немесе кәсіпкер болып тіркелгені туралы куәлік те дәлелдей алады.

Осы жоғарғы айтылған хабарламаларды жолдамай кәсіпкерлікпен такси түрінде айналысқан жағдайда, ҚР «Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы» кодексінің 463 бабына сай, әкімшілік жауапкершілік қарастырылған. Егерде, жеке тұлға бұл хабарламалардың екі түрін де жолдамаған болса, ол біріншіден заңсыз кәсіпкерлікпен айналысқан болып әкімшілік жауапкершілікке тартылатын болса, екіншіден жергілікті атқарушы органдарға жолаушыларды такси реттінде тасымалдайтынын хабарламағаны үшін жауапкершілікке тартылады. Сондықтан кәсіпкерліктің такси түрімен айналысатын тұлғаға осыны ескеру қажет.

 

Б.Д.Юсупов, Атырау облысы бойынша МКД-нің

Түсіндіру жұмыс басқармасының басшысы