
Ұлт жоспары жүзеге асырылуда
ҚР-ның мемлекеттік міндеттерінің бірі ретінде отандық экспорттаушылар мен импорттаушыларға көрсетілетін кедендік және өзге де шекаралық қызметтерін жаңа стандарттарға көшіру болып табылады. Мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерін жаһандату сұрақтарының бірі ретінде электронды декларациялауды енгізу кедендік нысанның ірге тасы болады.
«100 нақты қадам» ұлттық жоспарына негізделе ҚР ҚМ МКД алдында тұрған маңызды сұрақтарының бірі тауарларды кедендік тазартуды автоматтандыру жүйелеріне көшіру болып саналады.
38- қадамды орындаудың практикалық сатысы болу ретінде «АСТАНА-1» ақпараттық жүйесін жұмысқа енгізу болады. Ақпараттық жүйені енгізу «АСТАНА-1» ақпараттық жүйесіне негізделе отырып «АСИКУДА» ақпараттық қамтамасыз ету платформасында жүзеге асырылады.
Бүгінгі таңда ең актуальды мәселенің бірі «АСТАНА-1» АЖ енгізудің міндеттері: кеден саясатын және рәсімін ДКҰ ережелерімен сәйкес тиімдеу, халықаралық стандарт және озық тәжірибе, электрондық декларациялау жүйесін енгізу, импорт және экспорт құжат санымен оларды өңдеу уақытын қысқарту, пост-аудит және тәуекелдерді басқарудың озық әдістерін енгізу, басқаша айтқанда кеден нысандарын жеңілдету болып табылады.
Егер қазір қолданыста жүрген кедендік операция жүргізу схемаларын АСТАНА-1 АЖ салыстыратын болсақ, басты айырмашылықтар: барлық үрдістерді біртұтас технологиялық платформада біріктіру, алдын-ала 2 нұсқадағы ақпарат, электронды журналда уақытша сақтауға арналған тауарларды түгіндеу, алдын-ала ақпараттық функцияларды жүзеге асыратын біріктірілген электрондық құжат, келу құжаты, транзиттік декларациямен уақытша сақтау құжаты, қазіргі заманғы тәуекелдерді басқару тетігі, төлем есептерін автоматтандыру, тауарларды қағазсыз декларациялау мүмкіндігі болып табылады.
ҚР ҚМ МКД енгізген АСТАНА-1 кедендік-салықтық әкімшілік автоматтандырылған жүйесі кедендік технология саласындағы ең жақсы жетістіктерді қамтиды.
АСТАНА-1 АЖ құжаттарды автоматты түрде тексеру үшін орнатылған, бұған ақпараттық жүйеге рұқсат беретін барлық мемлекеттік органдар біртіндеп қосылуда.
Кедендік транзит бөлігінде 2017 ж. 1 қазаннан бастап АСТАНА-1 АЖ қосылды. Бұл шағын жүйе транзиттік декларацияны шығару үшін алдын-ала ақпаратты ұсынған сәттен бастап бүкіл кедендік процесті автоматтандырылған бақылауды жүзеге асыруға мүмкіндік береді.Аз уақыт ішінде транзиттік шағын жүйе оң нәтиже көрсетті.
Атап айтқанда транзитпен байланысты кедендік операцияларды жүргізу уақыты қысқартылды, жүйе шекарадағы кедендік рәсімдерге мониторинг жүргізуге мүмкіндік беретін операциялардың ашықтығын көрсетті. Осының негізінде жаңа жүйенің енгізілуі тауардың шекарадан өтуіне оң әсерін тигізді, бұл өз кезегінде елдің транзиттік әлеуетін арттырды.
«Ақжайық-КРО» кедендік бекетінде ҚР ҚМ МКК-нің төрағасының бұйрығына сәйкес сыртқы экономикалық қызметке қатысушылары, кеден өкілдері және басқа мүдделі тұлғаларға ерікті түрде пилоттық жұмысына қатысуда, ағымдағы кедендік автоматтандырылған ақпараттық жүйе ҚААЖ-2- дегі тауарлар декларациясы қосымша АСТАНА-1 АЖ рәсімделуде.
«АСТАНА-1» АЖ толық көлемде 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап ЕЭО және ҚР кодексінің күшіне енуімен бірге енгізу жоспарланып отыр.
Атырау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің
«Ақжайық-Кедендік рәсімдеу орталығы» кеден бекеті
Тел.303485