
Экспорттаушылармен кездесу өткізілді
2017 жылғы 12 желтоқсан күні Атырау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде кедендік декларациялау бөлігінде «Астана-1» ақпараттық жүйесін пилоттық қолданысқа енгізу мәселелері бойынша Департаменттің қызмет аумағында өз қызметтерін жүзеге асырушы экспорттаушылармен «Дөңгелек үстел» отырысын өткізді, аталған отырысқа тауар экспорттаушылардың атынан 29 өкіл және «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының Атырау облыстық филиалының өкілі қатысты.
«Дөңгелек үстел» отырысында диалог форматында «Астана-1» ақпараттық жүйесін тестілеу барысында орын алатын қателер мен өзекті мәселелер, сонымен қатар кеден бекеттерінің қызметкерлері үшін сыртқы экономикалық қызмет қатысушыларының кеңселерінде отырып экспорттық кеден декларацияларын толтыру, қабылдау, тіркеу және шығаруға арналған жұмыс орындарын тауар экспорттаушылардың бөлу мүмкіндігі бойынша мәселе талқыланды.
Отырыс барысында Кедендік бақылау басқармасының басшысы А.Б. Абсиметов «Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» Қазақстан Республикасы кодексінің 191 бабының нормасы түсіндірілді, оған сәйкес тауарларды кедендік екларациялау мақсатында тұлғаның таңдауы бойынша экспорт кезінде тауар декларацияларын кеден органының лауазымды тұлғасымен толтыруға жолберіледі деп бекітілген.
Сонымен қатар, Департамент басшысының орынбасары міндетін уақытша атқарушы Л.Қ. Жумашева бизнес өкілдерінің және тұрғындардың тарапынан орын алатын құқық бұзушылықтардың кезкелген түріне «мүлде төзбеу» қағидасын сақтау, оның ішінде таныс арқылы мемлекеттік қызмет көрсетулерге, алда келе жатқан мерекелердің қарсаңында заңсыз сыйлықтар берулерге жол бермеу қажеттілігін «Дөңгелек үстел» отырысына қатысушылардың назарына жеткізді.
Кездесу соңында «Дөңгелек үстелге» қатысушылардың сұрақтарына жауаптар берілді.
Атырау облысы бойынша МКД Кедендік бақылау басқармасы