
Ақпараттық технологиялар мемлекеттік басқаруда
Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқына жыл сайынғы «Қазақстан-2050» стратегиясы» атты Жолдауында қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» Қазақстан жолының жаңа кезеңі – бұл экономиканы нығайтудағы жаңа мақсаттар, халықтың әл-ауқаттылығын арттыру, қазақстандық қоғамның жаңартуларының жаңа кезеңі стратегиялық басымдығын анық атады.
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Оқу-әдістемелік орталығы мамандардың ақпараттық технологияларды қолдану бойынша білім дейгейін арттыру шеңберінде Астана, Алматы, Актөбе, Атырау, Көкшетау, Карағанды, Павлодар, Петропавл, Орал қалаларында аймақтық деңгейде 2015ж. мамыр айынан бастап тамыз айы аралығында «Ақпараттық технологиялар мемлекеттік басқаруда» тақырыбында біліктілікте көтеру курстары өткізіледі.
Ағымдағы жылдың 30 маусым-2 шілде аралығында Атырау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде аталған курста оқыту басталды. Курсты өткізу мақсаты Департамент қызметкерлерінің ақпараттық жүйеден алынатын деректермен жұмыс жасау кезінде, сонымен қатар қызметтік міндеттерін атқаруда кеңсе қолданбалы бағдарламаны қолдану мәселелері бойынша тәжірибелік және теориялық білімдерін арттыру болып табылады.
Курс шеңберінде қатысушыларға Microsoft Office қажетті мүмкіндіктерін қолдану бойынша кәсіби білім денгейін көтеру мүмкіндіктері ұсынылатын болады. Семинар ұйымдастырушылары практикалық тренингтер жүргізу кезінде материалдарды тиімді игеруге мүмкіндік беретін кітапшалар дайындады.
Біліктілікті арттыру курсының қорытындысы бойынша қатысушыларға тестілеу және сауалнама жүргізіледі, сонымен қатар біліктілікті арттыру курсын аяқтағандығы жөнінде сертификаттар беріледі.
Атырау облысы бойынша Мемлекетті кірістер департаменті
ҚР ҚМ МКК қолдауымен дайындаған