Date of publication: 01.07.2015 20:18
Date of changing: 01.07.2015 20:27

Атырау облысы  бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде

Қоғамдық-консультативтік кеңес отырысы өткізілді

 

Кеше үстіміздегі жылдың 30 маусым күні Атырау облысы  бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде Қоғамдық-консультативтік кеңестің отырысы өткізілді. Күн тәртібіне салық төлеушілердің электрондық шот-фактураларды қолдануға көшуі, 01.07.2015ж. бастап фискалдық естелігі бар бақылау-кассалық машинарларды қолдану, Департаменттің түскен түсімдерді толық көрсету бойынша өткізілген  бақылау шаралары, кедендік рәсімдерді  оңайлату,  «көленкелі экономикамен» күрес сұрақтары ұсынылып, сонымен қатар т.б. мәселелер  қаралып, талқыланды.

Қоғамдық-консультативтік кеңестің отырысын  Департамент басшысы Мәди Төкешұлы ашып, қысқаша Кеңестің күн тәртібін және алдағы міндеттерін атап өтті.

Кеңес отырысы  барысында кедендік «электрондық декларацияландыру» тәртібі туралы және де  басқа да бағыттыр бойынша  қойылған сұрақтарға жауаптар берілді.

Кеңес отырысында қаралған мәселелер туралы пікір алмасудан кейін шешім қабылданды.

 

                                                                                         Атырау облысы бойынша МКД-нің Түсіндіру жұмыс басқармасы