
«ҚЫЛМЫСТЫҚ ПРОЦЕСТІ ЖАҢҒЫРТУ»
бойынша заң жобасы түсіндірілді
Атырау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде 14 қараша 2017 жылы «Ашық есік күні» іс-шарасы ұйымдастырылды.
Іс-шараға Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің, Каспий өңірінің қазіргі замандағы колледжінің заң факультетінің ұстаздары мен студенттері, сондай-ақ Департаменттің экономикалық тергеу қызметінің, кеден және салық құрылымдарының қызметкерлері, қатысты.
Шара барысында Экономикалық тергеу қызметінің басқарма басшысы Қ.С.Жәрдемов Экономикалық тергеу қызметі органының негізгі қызметтік бағыттары, мақсаты мен міндеттері бойынша және «ҚР-ның кейбір заңнамалық актілеріне құқық қорғау қызметінің процестік негіздерін жаңғырту мәселелері бойынша өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасының негізгі ережелері баяндама жасады.
Сонымен қатар, қатысушыларға Департаментінің ЭТҚ-мен дайындалған «Экономикалық тергеу қызметінің негізгі қызметтік бағыттары» және «Электронды қылмыстық іс жүргізу» тақырыптарында бейнероликтер көрсетілді.
Атырау облысы бойыншаМКД ЭТҚ-нің
Профилактикалық жұмыс және бақылау басқармасы