
Атырау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Экономикалық тергеу қызметінің
2017 жылғы 9 ай атқарылған жұмыс қорытыланды
Атырау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары Д.Е. Ақылбековтың төрағалық етуімен 2017 жылғы 9 ай қорытындысы бойынша жедел жиналыс өткізілді.
Аталған жиналыста Департаменттің ЭТҚ-ның басқарма басшылары 9 ай қортындысы бойынша атқарылған жұмыс туралы баяндалды.
Есепті кезеңде Депатаменттің өндірісінде барлығы 221 қылмыстық іс тергелді, оның 180 ЭТҚ-мен тіркелген. Өндірістен аяқталған қылмыстық істер саны 188,оның ішінде 76 қылмыстық іс сотқа жолданған, 92 қылмыстық іс өндірістен ақталмайтын негізде қысқартылған.
Қылмыстық істер бойынша мемлекетке келтірілген залалдың сомасы 1,6 млрд. теңгені құрап, оның 1,3 млрд. теңгесі өндірілді.
Одан басқа, жедел жиналыс кезінде өзінің міндеттерін адал атқарған қызметкерлер Құрмет грамоталарымен марапатталды.Соның ішінде:
«Үздік тергеуші» - Қаржы саласындағы құқық бұзушылықтарды тергеу басқармасының бас маман-аса маңызды істер жөніндегі аға тергеушісі –Көшенов Ерболат Құралұлы;
«Үздік офицер»- Жедел іздестіру қызметі Көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл, салықтық және қаржылық қылмыстарды ашу бөлімінің бас маман-аса маңызды істер жөніндегі аға офицері Канатов Саламат Есенбекұлы;
«Үздік талдаушы» - Жедел іздестіру қызметі Іздестіру, жедел есепке алу және арнайы іс-шаралар бөлімінің бас маман-аса маңызды істер жөніндегі аға офицері Еркеғұлова Эльназ Мәлікқызы;
«Үздік кезекші» - Профилактикалық жұмыс және бақылау басқармасының бас маман- аға офицері Елеубаев Қадірбек Бақтығұлұлы;
.«Үздік қызметкер» - Профилактикалық жұмыс және бақылау басқармасының бас маман- аса маңызды істер жөніндегі аға офицері Дюсенова Гульвира Орынғалиқызы
Жедел жиналыстың қорытындысында Д. Е.Ақылбеков Департаменттің ЭТҚ-ның қызметкерлеріне атқарылған жұмыстары, жақсы көрсеткіштері үшін алғыс айтып, а.ж. 4 тоқсанына тапсырмалар мен нұсқаулар берді.
Атырау облысы бойынша МКД ЭТҚ