Date of publication: 16.10.2017 11:39
Date of changing: 16.10.2017 11:45

ЖАДЫНАМА

Бүгінгі таңда заңсыз ойын бизнестері – қоғамның өзекті мәселесі болып отыр. Бұл ойындарға адамның психологиялық тұрғыдан бағынышты болуы – түрлі қылмыстардың орын алуына өз септігін тигізуде.

Өздеріңізге белгілі, соңғы жылдары ойын бизнесін мемлекеттік реттеу бойынша заңнама жетілдіріліп, елді мекендерде ойын мекемелерінің орналасуына тыйым салынды және ойын бизнесін ұйымдастырушылардың жауапкершілігі күшейтілді.

Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы N 219 «Ойын бизнесі туралы» Заңының11-бабына сәйкес казино мен ойын автоматтары залдары Алматы облысында Қапшағай су қоймасының жағалауында және Ақмола облысының Щучье ауданында ғана рұқсат етіліп, ҚР-ның басқа аймақтарында орналастыруға тыйым салынды.

Аталған заң талаптарының бұзылуы әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікті жүктейді.

ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 445 бабына сәйкес, ойын бизнесін ұйымдастырушының заңнамада көзделмеген ойын бизнесі саласындағы қызмет түрлерін жүзеге асыруы, сондай-ақ ҚР аумағында онлайн-казино ұйымдастыруы және өткізуі не ақшадан басқа, өзге де мүлік түрінде ставка қабылдауды көздейтін құмар ойындарын және (немесе) бәс тігуді ұйымдастыруы - ойын жабдығы, заңдастырылған белгілер, әкімшілік құқық бұзушылық жасау салдарынан алынған ақша және өзге де кірістер тәркілене отырып,

  • жеке тұлғаларға – 100 АЕК (226 900 тг.) мөлшерінде айыппұл салуға;
  • орта кәсіпкерлік субъектілеріне 300 АЕК (680 700 тг.) айыппұл салуға;
  • ірі кәсіпкерлік субъектілеріне 1000 АЕК (2 269 000 тг.) айыппұл салуға әкеп соғады.

Осы әрекеттерді әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішіндеқайталап жасауы - ойын жабдығы, заңдастырылған белгілер, әкімшілік құқық бұзушылық жасау салдарынан алынған ақша және өзге де кірістер тәркілене отырып,

  • жеке тұлғаларға – 200 АЕК (453 800 тг.) мөлшерінде айыппұл салуға;
  • орта кәсіпкерлік субъектілеріне 400 АЕК (907 600 тг.) айыппұл салуға;
  • ірі кәсіпкерлік субъектілеріне 2000 АЕК (4 538 000 тг.) айыппұл салуға әкеп соғады.

ҚР Қылмыстық Кодексінің 307-бабына сәйкес,ойын мекемесiн заңсыз ашу не ұстау немесе ойын бизнесi саласындағы қызметтi заңсыз ұйымдастыру, сол сияқты заңсыз ойын бизнесі үшін үй-жайлар беру не ҚР ойын бизнесі туралы заңнамасында белгіленген орындардан тыс құмар ойындарын ұйымдастыру және өткізу не ойын бизнесі саласындағы қызметі лицензиясыз жүзеге асыру –мүлкi тәркiленiп, 2000 АЕК (4 538 000 тг.) айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не 2 жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге не сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

 

АТЫРАУ ОБЛЫСЫ БОЙЫНША

МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ

ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТЕРГЕУ ҚЫЗМЕТІ