
«Мектепке жол – 2017» қайырымдылық акциясы
Атырау облысы Білім беру басқармасы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің хатына сәйкес оқушылардың мектепке толық баруын қамтамасыз ету туралы тапсырмасын орындау мақсатында 2017-2018 жаңа оқу жылына дайындық шеңберінде 1 тамыз – 30 қыркүйегі аралығында «Менің таңдауым – балаларға көмек көрсету!» ұранымен облыстық акциясы ұйымдастырылды.
Акцияның мақсаты:
-мектеп жасындағы барлық балалар, оның ішінде аз қамтылған, көп балалы, жайсыз, толық емес отбасы балалары, жетім және ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалардың және өзге де әлеуметтік осал топтағы балалардың оқумен қамтылуына жағдай жасау;
-облыс ұйымдары мен кәсіпорындардың, тұрғындардың қайырымдылық белсенділігін арттыру.
Осыған орай, республикалық маңызға ие жыл сайын өткізілетін «Мектепке жол – 2017» қайырымдылық акциясына Атырау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті қызметкерлері тарапынан 325 000 теңге ақшалай материалдық көмек көрсетілді. Барлық жиналған қаржыны №10 және №21 орта мектептерінің екі 9-сынып оқушыларына, №24 мектептің 3-сынып оқушысы және Бесікті мектеп-интернатының 8-сынып оқушысына үлестіріп, олар мектепке қажетті заттармен қамтамасыз етілді.
Адам ресурстары басқармасы