Date of publication: 04.08.2017 18:27
Date of changing: 04.08.2017 18:32

«Түбіртекті талап ет – жүлдені ұтып ал!» акциясының шілде айының қорытындылары жарияланды

 

Бүгін Атырау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер  департаментінде «Түбіртекті талап ет – жүлдені ұтып ал!» акциясының (бұдан әрі - Акция) шілде айынын қорытындылары жарияланып, жеңімпаз қатысушыларды құттықтау салтанаты өтті. Кездесуді ашқан комиссия төрағасы, Түсіндіру жұмыс басқармасының басшысы Б.Д.Юсупов осындай акциялардың тауарлар мен қызметтерді тұтынушы ретінде, өз қызығушылықтарын қорғау мақсатында азаматтардың құқықтық мәдениетін көтеруде маңызды екендігін атап өтті. Содан соң ойынның нәтижесіменен таныстырып үшінші  жеңімпаз  болып Гүлмира (чек №4313065), екінші орында Гүлжихан (чек №4092571)  (екеуіде Атырау қаласынан) және бірінші жеңімпаз болып Махамбет ауданынан Бақтылы иеленді (чек №3582536), олардың барлығы да құнды сыйлықтармен марапатталды.

Атырау облысының халқы үстіміздегі жылдың 1 мамырынан бастап 30 қарашаға дейін  өткізіліп жатқан «Түбіртекті талап ет – жүлдені ұтып ал!» акциясына белсене қатысып келеді. Бұл Акция ҚР «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының және ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің бірлесіп бүкіл  республикалық дәрежеде  өткізіп отырған іс-шаралары.

Акцияның басты мақсаттары – азаматтық белсенділікті жоғарлату және салықтық білімділікті дамыту, азаматтардың тұтынушы ретінде құқықтық мәдениетін тәрбиелеу, көленкелі экономиканы төмендету, кәсіпкерлердің адал бәсекестігін ынталандыру болып табылады. Акицяға қатысушылар – Қазақстан Республикасының азаматтары, олар «Wipon» мобильдік тіркеме арқылы түбіртектің (чектің) фотосүретін жолдап, Акцияға қатыса алады. Түбіртектердің санына да, қатысушыларға да шектеу қойылмайды. Бір түбіртек – бір ойын билеті болып табылады. Акция екі  деңгейде өткізіледі: бірінші кезек облыстар деңгейінде, екінші кезек – республикалық денгейде ҚР ҚМ Мемлекетті кірістер комитетінде. Жеңімпаз түбіртектер кездейсоқ таңдау әдісі арқылы анықталады.

Атырау облысы бойынша Мемлекеттік Кірістер Департаментінде жеңімпаздарды анықтау үрдісінің ашықтығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін кәсіпкерлер қауымдастығы, үкіметтік емес ұйымдар мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері кіретін комиссиялар құрылды.

Акция жалғасуда, белсенді қатысуға шақырамыз!

 

Атырау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті